jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

"Құқығы бар": Асы үстіртіндегі жолға қоршау қойып тастаған

Асы үстіртіндегі қоршау
Асы үстіртіндегі қоршау. Фото: Kolesa.kz

Желіде Асы үстіртіндегі обсерватория маңына қойылған кедергілердің суреттері пайда болды - туристер қазір ол жерге саяхаттауға тыйым салынғанын хабарлады. Kolesa.kz тілшілері жағдайды анықтап көрді.

Туристердің хабарлауынша, бүгінде Асы үстіртіне жету мүмкін емес, өйткені обсерваториядағы жолды қоршап тастаған.

Алдымен басылым тілшілері жағдайды Іле Алатауы ұлттық паркінің қызметкерлерінен анықтап білмек болған. Алайда олар обсерватория аумағы ұлттық паркке қарамайтынын мәлімдеген.

Бұған қатысты пікірді Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің өкілдері берді. Олардың сөзінше, қоршауды обсерватория қызметкерлері қойған.

"Асы үстіртіндегі обсерватория аумағы 15 гектарды құрайды. Бұл жеке аумақ болғандықтан, оның иелері жекеменшігін қоршауға құқығы бар. Бірақ жалпы қолданыстағы жолдар ашық қалдырылған", - деп хабарлады әкімдіктен.

"Құқығы бар": Асы үстіртіндегі жолға қоршау қойып тастаған

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.