Тұман, жел, жаңбыр: бүгін елімізде ауа райы қандай болады
Опубликовано:
Синоптиктер 4 қазан, сәрсенбіге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК ресми сайты.
Метеорологтардың мәліметінше, бүгін Қазақстанның басым бөлігінде антициклон жотасы әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Ал еліміздің батысында, солтүстік-батысында, шығысында атмосфералық фронттардың әсерінен жаңбыр жауады.
Сондай-ақ республика бойынша тұман, елдің солтүстігінде, оңтүстігінде, батысында екпінді жел күтіледі.
Түнде Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында 1-3 градус үсік, Қостанай облысының оңтүстік-шығысында топырақ бетінде 1 градус үсік жүруі мүмкін.
Бұдан бөлек, бүгін де Түркістан, Қызылорда облысының орталығында, шығысында, оңтүстігінде, Жамбыл облысында, Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында өрт шығу қаупі сақталады.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2039416-tuman-zel-zanbyr-bugin-elimizde-aua-raiy-qandai-bolady/