jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
ЖТ
Жұлдыз Тілебалды
Бұрынғы қызметкер

5 қазанда өтетін футбол матчына байланысты Астанада автобустардың жүру уақыты ұзарады

автобустар
Қоғамды көліктер. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Футболдан елорда және чехия клубтары арасында өтетін матч күні жанкүйерлер үшін Астанада бірқатар автобустың жүру уақыты ұзарады, деп хабарлайды CTS.

5 қазанда "Астана-Арена" стадионында "Астана" футбол клубының Чехияның "Виктория Пльзень" клубына қарсы матчы өтеді.

Осыған байланысты ойыннан кейін жанкүйерлердің үйлеріне еш қиындықсыз жетуі үшін қалалық және қала маңына қатынайтын № 10, 12, 26, 37, 40, 51, 53, 60 және 303 маршруттың жүру уақыты ұзартылады.

Sports.kz порталының хабарлауынша, "Астана" - "Виктория Пльзень" кездесуі 5 қазан күні елорда уақытымен 20.30-да басталады.

5 қазанда өтетін футбол матчына байланысты Астанада автобустардың жүру уақыты ұзарады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram