Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Түркістан облысы көшбасында": былтыр Қазақстанда қанша егіз бен үшем дүниеге келді

Опубликовано:

Егіз балалар үлкендермен
Егіз балалар. Көрнекі фото: pixabay.com

2022 жылы Қазақстанда 8268 егіз бен 151 үшем дүниеге келген. Осы орайда Ұлттық статистика бюросы елімізде қай өңірлер егіз бен үшем туу көрсеткіші бойынша көш бастап тұрғанын хабарлады.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, егіздер саны бойынша Түркістан облысы көш бастап тұр. Былтыр облыста 1185 егіз дүниеге келген.

Одан кейін Алматы облысы, өңірде бір жылда 782 егіз дүние есігін ашқан. Былтыр 756 егіз дүиеге келген Алматы қаласы үшінші орында.

Үшемнің туу көрсеткіші бойынша да Түркістан облысы көш бастап тұр. 2022 жылы өңірде 24 үшем туған. Екінші орында Алматы қаласы. Былтыр оңтүстік астанада 21 үшем дүниеге келген. 18 үшем өмірге келген Астана қаласы үшінші орында тұр.

Ұлттық статистика бюросының ақпаратынша, былтыр елімізде төртемнің дүниеге келуі тіркелмеген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2039492-kosbasynda-turkistan-oblysy-byltyr-qazaqstanda-qansa-egiz-ben-usem-duniege-keldi/

pixel