jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде күн жылы болады деп күтілуде

Cарғайған жапырақтар
Cарғайған жапырақтар. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Синоптиктер алдағы күндерге, яғни 5-7 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Қазгидромет РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Метеоролгтардың мәліметінше, алдағы күндері Қазақстанның солтүстігі, орталығы мен шығысында күн жылы болып, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Еліміздің солтүстігінде күндізгі уақытта +15...+23 градусқа дейін жылы болса, оңтүстікте термометр бағаны +20...+28 градусты көрсетеді.

Синоптиктер республиканың батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында құбылмалы ауа райы болатынын болжады.

Атап айтқанда, өңірлерде жаңбыр жуып, найзағай ойнап, екпінді жел соғады.

Бұдан бөлек, еліміздің солтүстігінде, орталығында және шығысында түнгі уақытта -1...-3 градусқа дейін үсік болуы ықтимал.

Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде күн жылы болады деп күтілуде

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.