"Жөндеу үшін емес": Астана әуежайы не үшін уақытша жабылатыны белгілі болды
Жарияланған күні:
Читать на русскомАстана халықаралық әуежайының баспасөз қызметі әуежайдың жөндеу жұмыстарына жабылғаны туралы тараған ақпаратқа пікір білдірді. Олар ұшу-қону жолағы жөндеуге жабылмайтынын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
"2023 жылғы 11, 16, 18 қазанда резеңке шөгінділерді жою үшін Астана халықаралық әуежайының ұшу-қону жолағын жергілікті уақыт бойынша сағат 13:20-дан 17:20-ға дейін жабу жоспарлануда", - деп түсіндірді Астана халықаралық әуежайынан.
Халықаралық әуежайдың баспасөз қызметі сондай-ақ әуежай әкімшілігі бұл туралы 27 қыркүйекте радиограмма арқылы барлық авиакомпанияны хабардар еткенін, сонымен қатар рейстер кестесіндегі өзгертулер туралы келісілгенін айтты.
"Осыған орай Астана халықаралық әуежайының ұшу-қону жолағы жөндеу жұмыстарына емес, резеңке шөгінділерін тазарту жұмыстары үшін жабылатынын атап өткіміз келеді. Биылғы жазда жөндеу жұмыстары жүргізілді", - деп хабардар етті Астана халықаралық әуежайынан.
Әуежай әкімшілігінің мәліметінше, жыл сайын көктемгі-жазғы кезеңнің соңында аэродромның күзгі-қысқы жұмысы басталғанға дейін тежеу нәтижесінде пайда болған ұшу-қону жолағындағы резеңке шөгінділерден тазартылады.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін FlyArystan әуе компаниясының өкілдері елорда әуежайының ұшу-қону жолағындағы жөндеу жұмыстарына байланысты жабылатыны туралы ақпарат таратқан болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2039572-zondeu-usin-emes-astana-auezaiy-ne-usin-uaqytsa-zabylatyny-belgili-boldy/