jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

"Жөндеу үшін емес": Астана әуежайы не үшін уақытша жабылатыны белгілі болды

Астана әуежайы
Астана әуежайы. Фото: facebook.com/NNAirportOfficial

Астана халықаралық әуежайының баспасөз қызметі әуежайдың жөндеу жұмыстарына жабылғаны туралы тараған ақпаратқа пікір білдірді. Олар ұшу-қону жолағы жөндеуге жабылмайтынын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"2023 жылғы 11, 16, 18 қазанда резеңке шөгінділерді жою үшін Астана халықаралық әуежайының ұшу-қону жолағын жергілікті уақыт бойынша сағат 13:20-дан 17:20-ға дейін жабу жоспарлануда", - деп түсіндірді Астана халықаралық әуежайынан.

Халықаралық әуежайдың баспасөз қызметі сондай-ақ әуежай әкімшілігі бұл туралы 27 қыркүйекте радиограмма арқылы барлық авиакомпанияны хабардар еткенін, сонымен қатар рейстер кестесіндегі өзгертулер туралы келісілгенін айтты.

"Осыған орай Астана халықаралық әуежайының ұшу-қону жолағы жөндеу жұмыстарына емес, резеңке шөгінділерін тазарту жұмыстары үшін жабылатынын атап өткіміз келеді. Биылғы жазда жөндеу жұмыстары жүргізілді", - деп хабардар етті Астана халықаралық әуежайынан.

Әуежай әкімшілігінің мәліметінше, жыл сайын көктемгі-жазғы кезеңнің соңында аэродромның күзгі-қысқы жұмысы басталғанға дейін тежеу нәтижесінде пайда болған ұшу-қону жолағындағы резеңке шөгінділерден тазартылады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін FlyArystan әуе компаниясының өкілдері елорда әуежайының ұшу-қону жолағындағы жөндеу жұмыстарына байланысты жабылатыны туралы ақпарат таратқан болатын.

"Жөндеу үшін емес": Астана әуежайы не үшін уақытша жабылатыны белгілі болды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram