jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Оқу-ағарту министрлігі оқушылардың каникул уақытын жариялады

Мектеп оқушылары
Оқушылар. Көрнекті сурет: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Оқу-ағарту министрлігі орта білім беру ұйымдарында 2023–2024 оқу жылындағы тоқсандардың ұзақтығы мен каникул уақытын бекітті. Бұл туралы ведомство Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

Ведомство мәліметінше, 2023-2024 оқу жылы орта білім беру ұйымдарында 1 қыркүйекте басталды. Биыл оқу жылы 25 мамырда аяқталады.

"Бірінші тоқсанда оқу уақыты 8 апта, күзгі каникул 30 қазаннан 5 қарашаны қоса алғанда 7 күнге созылады. Екінші тоқсанда 8 оқу аптасы, қысқы каникул 2023 жылдың 29 желтоқсанында басталады, 2024 жылдың 7 қаңтарын қоса алғанда күнтізбелік 10 күнге жалғасады.

Үшінші тоқсан 10 оқу аптасынан тұрады. 11 күндік көктемгі каникул 2024 жылдың 21 наурызында басталып, 31 наурызға (қоса алғанда) дейін жалғасады", - делінген хабарламада.

Министрлік жыл сайын бірінші сынып оқушылары үшін үшінші тоқсанда қосымша демалыс берілетінін атап өтті. Ұзақтығы 7 күн болатын демалыс 2024 жылдың 5 ақпанынан 11 ақпанға (қоса алғанда) дейінгі уақытты қамтиды.

Ведомсто ақпаратынша, төртінші тоқсанның ұзақтығы 8 оқу аптасын құрайтынын, сондай-ақ 25 мамырда қорытынды шығарылып, оқу жылы аяқталатынын мәлім етті.

Оқу-ағарту министрлігі оқушылардың каникул уақытын жариялады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.