Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Дабыл қағып келеміз": экологтар Жайық өзені тартылып жатқанын айтты

Опубликовано:

Жайық өзені
Жайық өзені. Видеодан кадр: youtube.com/@newsKTK

Атыраулықтар экологтар соңғы жылдары Жайық өзеніне келетін су деңгейі екі есеге азайған деп дабыл қағуда. Соның салдарынан Каспий теңізі де тартылып, каналдары құрғап жатыр, деп хабарлайды КТК арнасы.

Телеарна ақпаратынша, Атырау облысының 70 пайызын сумен қамтып отыған Жайық өзеніне келетін судың көлемі азайып барады. Теңізге құятын сағалары да тартылып, каналдар құрғап, кемелер теңізге шыға алмай жатыр. Мамандар құрғақшылықтан құрып бара жатқан флора-фаунадан бөлек, ауыз суды да Жайықтан ішетін ел бұл экологиялық ахуалды билікке жеткізе алмай алаңдауда.

Тілші мәліметінше, Жайықтың суын да зерттеп жүрген тәуелсіз экологтардың бірі Галина Чернова үкіметке өзенді сақтап қалудың жолдарын ұсынып жүр.

"Отыз жылдан бері дабыл қағып келеміз. Жайықты сақтап қалу үшін ондаған бет бағдарлама жасаудың қажеті жоқ. Үш қана жоспармен жұмыс жасалу керек. Біріншіден, Ресеймен нақты келісім. Оларға су қоймаларын сала беруді азайту керектігін айтып, Батыс өңірге жіберетін судың көлемін бекіту. Екіншіден, Атырауда 50‑ден астам өнеркәсіп суды Жайықтан алады. Осыны тоқтату. Үшіншіден, тұрмыстың өзінде суды үнемдеу. Міне, осылай ғана Жайықты сақтай аламыз", - дейді эколог Галина Чернова.

Эколог Атырауда суды ең көп тұтынатын өндіріс орындарына шектеу қою керек екенін айтты. Оның ішінде Жылу электр орталығы мен Атырау мұнай және газ өңдеу зауыты да бар. Жалпы Жайыққа келуі тиіс судың жылдық көлемі 9,46 текше шақырым болса, соңғы жылдары ол екі есе азайып кеткен. Оған қоса облыс аумағындағы Каспий теңізінің деңгейі екі метрге төмендеп, 25-30 шақырымға дейін тартылыпты.

Телеарна мәліметінше, Жайық өзенінің экологиялық апат алдында тұрғанын жергілікті әкімдік те ашық айта бастаған.

"Жеті бағытта үлкен бағдарламалар жасақталды. Екі комиссия құрылды. Біреуі экологиялық жағдайға байланысты. Екіншісі судың ағысына байланысты. Сондықтан екі жұмыс тобы құрылып ол бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Негізі айта кету керек, Ресей жағынан ғылыми зерттеу басталып кетті. Ал біздің Қазақстан жағынан әлі басталмай жатыр. Кешігіп жатыр", - дейді Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Нұрлан Жантоқов.

Ал экология және табиғи ресурстар министрлігі Жайық трансшекаралық өзені бассейнінің экожүйесін сақтау және қалпына келтіру жөніндегі бағдарламамен жұмыс істелініп жатқанын, Қазақстан мен Ресей арасындағы екі жақты кездесу осы жылдың соңында өтетінін атап өткен.

Дереккөз: КТК арнасы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2039623-dabyl-qagyp-kelemiz-zaiyq-ozeni-20-30-saqyrymga-deiin-tartylgan/

pixel