jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Рамазан Есмағамбетов
Рамазан Есмағамбетов
Бұрынғы қызметкер

Өскеменде құны 8,5 млн теңгені құрайтын құрамында никотин бар электрондық темекілер тәркіленді

Вейп
Вейп. Көрнекі фото: pixabay.com

Өскеменде жедел іздестіру шаралары барысында құны 9 миллионға жуық құрамында никотин бар электрондық темекі, вейп және т.б. бір реттік құрылғылар тәркіленген. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

Қаржылық мониторинг агенттігінің хабарлауынша, Өскеменде өткізілген жедел-іздестіру шаралары барысында құрамында никотин бар электрондық темекі, вейп және басқа да бір реттік құрылғылар тәркіленген.

Өткізілген іс-шаралардың нәтижеcі бойынша 2000-ға жуық құрылғының жалпы сомасы 8,5 млн теңгені құраған.

Агенттіктің мәліметінше, бұл құқық бұзушылық үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте акцизделетін тауарларды тәркілей отырып, 50-ден 500 АЕК-ке дейінгі мөлшерде санкциялық жауапкершілік көзделген.

Іс материалдары сотқа жіберілді.

Агенттікте темекі өнімдері мен бір реттік электрондық темекінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл бойынша жұмыс жалғасып жатқанын атап өтті.

"Құрметті азаматтар! Дәрігерлердің зерттеулеріне сәйкес, вэйптер мен басқа құрылғыларды қолдану жасөспірімдердің денсаулығына, есте сақтау, өзін-өзі бақылауына және оқу қабілетіне зиянды әсер етеді.

Ата-аналардан балаңыздың мінез-құлқына, оның денсаулық жағдайына және сатып алуларына назар аударуды сұраймыз", - делінген хабарламада.

Өскеменде құны 8,5 млн теңгені құрайтын құрамында никотин бар электрондық темекілер тәркіленді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.