Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылорда облысының белсенді жастары Айдарлы елдімекеніндегі фокус-топ отырысында бас қосты

Опубликовано:

Фокус-топтың отырысы
Фото: Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасы

Қызылорда облысының белсенді жастары, еңбек жасақтарының мүшелері Айдарлы елдімекеніндегі фокус-топ отырысында бас қосты. Жиында егін алқабында картоп өнімдерін қазу, жинау, күздік өнімдердің көрмесі, еңбек бригадасының жұмысы мен еріктілік бағыттағы атқарылған жұмыстар, сондай-ақ волонтерлік қызметті дамытудың өзекті мәселелері талқыланды.

Сырдария ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен Айдарлы ауылдық округінде "Еңбек жалпыға ортақ құндылық" тақырыбымен еркін форматта ашық аспан астында ұйымдастырылған іс-шара бірнеше бағытты қамтыды.

Негізгі мақсаты – еңбек жасақтары арқылы жұмыссыз, NEET санатындағы жастарды және еңбекке құлшынысы жоғары жастарды жұмысқа сүйемелдеу, уақытша немесе тұрақты жұмыспен қамту, оларды әлеуметтендіру, жан-жақты қолдау көрсету, сондай-ақ NEET санатындағы жастардың санын төмендету, кәсіп ашуына ықпал ету болып табылады.

Фокус-топтың отырысы
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Еңбек жасақтарының жұмысы тұрақты жолға қойылып, жыл басынан бері еңбек адамдарының қатысуымен іс-шаралар ұйымдастырылды, халықаралық жастар күнінде еңбек майталмандарының еңбегі еленіп, марапатталған болатын.

Бүгінгі күні еңбек жасақтарының құрамына бірнеше сала маман иелері біріктіріліп, жас балықшылар, фермерлер, дәнекерлеушілер, тігіншілер, аспазшылар, теміржолшылар, ағаш ұсталары, күрішшілер, құрылысшылар, көркейту жасақтары, егіншілер, қолөнершілер, жүк тасушылармен толықты.

Фокус-топтың отырысы
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Аталған жиынға Ұлттық волонтерлер желісінің атқарушы директоры Т.Миронюк бастаған Республикалық волонтерлер фронт-офисінің делегациясы, қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары А. Қамбаров, аудан депутаттары мен жастар ресурстық орталықтарының директорлары және ҮЕҰ-ның өкілдері қатысты.

Аудан әкімінің орынбасары Т. Нұртазаев волонтерлік бағыттағы атқарылған жұмыстарды саралай келе еңбек жасағының қызметіне тоқталды. Еңбек бригадасына тартылған жастардың саны жылдан-жылға артып келе жатқандығын алға тартты. Жастардың жұмыспен қамтылуына жағдайлар жасалып, олардың сұраныстары бойынша жер телімімен қамтамасыз етуде қолдау шаралары жүргізілгендігін жеткізді.

Жиын барысында Қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары А. Қамбаров өңірде 2 мыңнан астам (2 126) волонтер тіркелгенін және 30-ға жуық (27) волонтерлік топтың ("Облыстық волонтерлер фронт-офисі", "Волонтеры Кызылорды", "Ашық жүрек" волонтерлер лигасы, "Жалын" волонтерлер штабы, "Қармақшы Демеу" волонтерлер тобы, "Жаңарған Жаңақорған жастары") белсенділігін ерекше атап өтті. Айта кету керек, 2022 жылмен (2022 жылы - 1 625) салыстырғанда биыл волонтерлер саны 500 волонтерға көбейді. Жастардың әлеуметтік бастамаларымен оларды еңбекпен қамтыған іс-шараларға бағытталған жұмыстарымен бөлісті.

Әрі қарай қатысушылардың ұсыныстары, пікірлері фокус-топ отырысында талқыланды.

Ферма өнімдері
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2039753-qyzylorda-oblysynyn-belsendi-zastary-aidarly-eldimekenindegi-fokus-top-otyrysynda-bas-qosty/

pixel