Бүгін еліміздің бірнеше өңірінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады деп күтілуде
Опубликовано:
Синоптиктер жұма, 6 қазанда ел аумағында ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК ресми сайты.
Метеорологтардың мәліметінше, фронтальды бөліктердің әсерінен бүгін Қазақстанның батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында найзағай ойнап, жаңбыр жауады.
Еліміздің қалған аймағында антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Сондай-ақ бүгін республика бойынша тұман, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста екпінді жел күтіледі.
Түнде Ақмола облысының орталығында, шығысында топырақ бетінде 3 градус үсік жүруі мүмкін.
Бұдан бөлек, бүгін де Түркістан облысының солтүстігінде, шөлді аудандарында, орталығында, шығысында, оңтүстігінде, Жамбыл, Маңғыстау облыстарында, Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында өрт шығу қаупі сақталады.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2039802-bugin-elimizdin-birnese-onirinde-naizagai-oinap-zanbyr-zauady-dep-kutilude/