jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

"Бұршақ, тұман, жел": демалыc күндері елімізде ауа райы қандай болады

бұршақ
Бұршақ. Көрнекі фото: pixabay.com

Синоптиктер демалыс күндері елімізде ауа райы құбылмалы болады деп болжап отыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Қазгиромет" РМК ресми сайтына сілтеме жасап.

Метерорологтардың мәліметінше, алдағы күндері республиканың басым бөлігіне фронтальды бөлімдердің ықпалы әсер етеді. Нәтижесінде бірқатар өңірде найзағай ойнап, екпінді жел соғып, жаңбыр жауады.

Қазақстанның батысында бұршақ жаууы мүмкін. Сондай-ақ елдің оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда түнгі уақытта жаңбыр жауып, жылбысқы қар түрінде жауын-шашын болуы ықтимал.

Синоптиктер елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман болады деп болжады.

Елдің бірқатар өңірінде ауа температурасы түнде +2...+12 градус жылы, 7 қазанда солтүстікте жекелеген аудандарда -1 градусқа дейін үсік күтіледі.

Республиканың солтүстігінің бір бөлігінде күндіз ауа температурасы +10...+20 градусқа дейін, оңтүстік жартысында +15...+27 градусқа дейін көтеріледі.

"Бұршақ, тұман, жел": демалыc күндері елімізде ауа райы қандай болады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.