jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

"Жаңбыр, найзағай, тұман": сенбі елімізде ауа райы қандай болады

Қолшатыр ұстаған адам
Жаңбырлы күн. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Синоптиктер бүгін, 7 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМК ресми сайтына сілтеме жасап.

Метеорологтардың мәліметінше, республиканың басым бөлігінде құбылмалы ауа-райы күтіледі.

Атап айтқанда, еліміздің бірқатар өңірінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Республика бойынша тұман түсіп, екпінді жел соғып, елдің батысында бұршақ жауады деп күтілуде.

Синоптиктер түнде Ақмола облысының шығысында топырақ бетінде 1 градус үсік болады деп болжады.

Бұдан бөлек Түркістан облысының солтүстігінде, шөлді аудандарында, Қызылорда облысының орталығында, шығысында, оңтүстігінде өрт шығу қаупі сақталады.

Мамандар Жамбыл облысында, Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында өрт шығу қаупі жоғары екенін ескертті.

"Жаңбыр, найзағай, тұман": сенбі елімізде ауа райы қандай болады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.