jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

Air Astana Израильде қалған қазақстандықтарға үндеу жасады

Әуедегі ұшақ
Әуедегі ұшақ. Көрнекі фото: pixabay.com

Air Astana Израильдегі жағдайға байланысты Тель-Авивке рейстерді тоқтатты. Әуе компания Instagram желісіндегі аккаунтында Израильде қалып қойған қазақстандықтарға үндеу жасады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Израильдегі жағдайға байланысты Air Astana әуе компаниясының Тель-Авивке рейстері келесі хабарландыруға дейін тоқтатылды. Билеттерді қайтару немесе қайта броньдау үшін авиакомпанияның қолдау орталығына help.airastana.com жүгінуді сұраймыз", - делінген хабарламада.

Израильде қалып қойғандар компания басқа әуе компанияларына жүгінуге кеңес берді.

"Егер сіз Тель-Авивте болсаңыз, басқа әуе компанияларының рейстеріне қайта броньдау үшін әуе компанияға жүгініңіз", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар хабарламада Air Astana компаниясының байланыс нөмірлері көрсетілген:

  • қолдау орталығы help.airastana.com;
  • жедел желі (24/7): +7 (727)244 44 78 (қоңырау үшін) +7 7027020074 (WhatsApp).
Air Astana Израильде қалған қазақстандықтарға үндеу жасады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.