Ақтаудағы ерекше "жол белгісі" тұрғындарды таңырқатты
Опубликовано:
Ақтауда шағын аудандардың біріндегі жолда тұрған белгі қалалықтарды таңырқатты. Жағдайға полиция қызметкерлері араласқан, деп хабарлайды Lada.kz.
Басылымның жазуынша, Ақтау тұрғыны жетінші ықшамаудандағы үйлердің біріне қарама-қарсы жол бойында тұрақ белгісін байқаған. Белгіде мүлік агенттігінің клиенттері көліктерін қалдыра алатыны көрсетілгген.
"Мұндай көлік тұрағы қаншалықты заңды?", - дейді жергілікті тұрғын.
Жағдайға полиция қызметкерлері араласты. Тәртіп сақшылары жолдағы темір белгіні алып тастады. Полиция департаменті мұндай жағдайда 102 нөміріне хабарласу керектігін еске салды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2040078-aqtaudagy-erekse-zol-belgisi-turgyndardy-tanyrqatty/