Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қызметімді бүгін аяқтадым": Шымкент қалалық білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева қызметінен кетті

Опубликовано:

Жанат Тәжиева
Жанат Тәжиева. Фото: facebook.com/Жанат Тәжиева

Шымкент қалалық білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева қызметін кеткенін мәлімдеді. Бұл туралы ол Facebook-тегі ресми парақшасында жазды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Шымкент қаласы білім басқармасы басшысы қызметімді бүгін аяқтадым. Әр саланың өз орны бар. Дегенмен білім саласының жүгі де, жауапкершілігі де өте жоғары. Жалпы 38 жылдық еңбек өтілімнің 18 жылын мұғалімдік, 20 жылын мемлекеттік қызметте атқардым.

Осы аралықта қаншама сын мен сынақ болғанымен шыңдала түсіп, өзіме жүктелген міндетті аса жауапкершілікпен атқардым. Шымкент қаласы білім саласының дамуына, республика көлемінде алдыңғы қатардан көрінуіне атсалысқан әріптестеріме, қала тұрғындарына алғысым шексіз", - деп жазды Жанат Тәжиева желідегі парақшасында.

Желі қолданушылары Жанат Тәжиеваға Шымкент қаласының білім саласына сіңірген еңбегі үшін алғыс айтып, оған сәттілік тілеуде.

Айта кетейік, Жанат Тәжиева Шымкент қалалық білім басқармасын 2020 жылдан бүгінге дейін басқары келді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2040236-qyzmetimdi-bugin-ayaqtadym-symkent-qalalyq-bilim-basqarmasynyn-bassysy-zanat-tazieva-qyzmetinen-ketti/

pixel