Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жауын-шашын, жел, тұман: еліміздің бірнеше өңірінде дауылдық ескерту жарияланды

Опубликовано:

жаңбырлы күн
Жаңбырлы күн. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Синоптиктер ауа райының қолайсыздығына байланысты еліміздің бірнеше өңірінде дауылдық ескерту жариялады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК ресми сайтында.

Метеорологтардың мәліметінше, 11 қазанда түнде Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, орталығында 3 градус үсік жүруі мүмкін.

11 қазанда түнде Батыс Қазақстан облысының шығысында, күндіз басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбырдың соңы қарға ұласады), түнде өңірдің шығысында, таңертең батысында, солтүстігінде көктайғақ, түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

11 қазанда Орал қаласында да күндіз жауын-шашын (жаңбырдың соңы қарға ұласады), түнде және таңертең тұман күтіледі.

11 қазанда Астанада жел тұрып, кей уақытта екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.

11 қазанда Ақмола облысында, сондай-ақ облыс орталығы Көкшетау қаласында да жел тұрып, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетуі ықтимал.

11 қазанда түнде Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында, күндіз тау асуларында күші 15-20 м/с-қа дейін жететін жел тұрады деп күтілуде. Бұдан бөлек, 11 қазанда облыстың солтүстігінде, батысында өрт шығу қаупі сақталады.

11 қазанда Шымкент және Түркістан қалаларында да жел тұрып, түнде екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.

11 қазанда түнде және таңертең Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Сондай-ақ өңірде жел тұрып, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетуі ықтимал.

11 қазанда түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-шығысында тұман түсіп, оңтүстік-батыстан жел соғып, түнде облыстың шығысында, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді деп күтілуде.

11 қазанда күндіз Петропавл, Павлодар қалаларында, сонымен қатар Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында да жел тұрып, екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2040440-zauyn-sasyn-zel-tuman-elimizdin-birnese-onirinde-dauyldyq-eskertu-zariyalandy/

pixel