jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Алматыда "Асыл Арман" тұрғын үй кешені маңындағы эстакада пайдалануға берілді (фото, видео)

"Алтын Орда" базары маңында салынған эстакада
"Алтын Орда" базары маңында салынған эстакада. Фото: t.me/qazavtojol

Алматыда "Асыл Арман" тұрғын үй кешені маңындағы эстакада мен жер үсті жаяу жүргіншілер өткелі пайдалануға берілді, деп хабарлайды "ҚазАвтоЖол" АҚ ұлттық компаниясы.

Компанияның мәліметінше, "Алматы-Бішкек" автожолындағы "құбыр" үлгісіндегі жолайрық (18+700 шақырым) пен Райымбек ауылына бұрылыстағы қосымша жаяу жүргіншілер көпірінің (19+860 шақырым) құрылысы толық аяқталған.

"Алтын Орда" базары маңында салынған эстакада
"Алтын Орда" базары маңында салынған эстакада. Фото: t.me/qazavtojol

Бүгінде нысан пайдалануға берілген. Жер үсті жаяу жүргіншілер өткелі пандус және арнайы платформамен қамтылған.

Жер үсті жаяу жүргіншілер өткелі
Жер үсті жаяу жүргіншілер өткелі. Фото: t.me/qazavtojol

Сондай-ақ түнгі уақытта пайдаланушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін нысанда заманауи жарықдиодты шамдар қойылған.

Жер үсті жаяу жүргіншілер өткелі
Жер үсті жаяу жүргіншілер өткелі . Фото: t.me/qazavtojol

Алматыда "Асыл Арман" тұрғын үй кешені маңындағы эстакада пайдалануға берілді (фото, видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.