jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Рамазан Есмағамбетов
Рамазан Есмағамбетов
Бұрынғы қызметкер

Елордада "Астана аруы – 2023" жеңімпазы анықталды (фото)

Карима Бірімжанова
Карима Бірімжанова. Фото: NUR.KZ/Алена Бутенко

Елордада Карима Бірімжанова "Астана аруы – 2023" байқауының жеңімпазы атанды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Бүгін елордада Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияда "Астана аруы – 2023" байқауының финалы өтті. Байқауда 17 бойжеткен бағын сынаған.

Карима Бірімжанова "Астана аруы – 2023" байқауының жеңімпазы болды.

Сән байқауының ұйымдастырушылары ақпаратынша, Карима Бірімжанова 2019 жылы Пизада (Италия) Foundation in science курсынан өтіп, Малайзия астанасы Куала-Лумпурда ағылшын тілінде психология бакалавры дәрежесіне ие болған.

Бүгінде бойжеткен графикалық дизайн саласы бойынша қосымша білім алып жатыр әрі жеке блогын жүргізеді. Бойжеткен жеке блогында оқырмандарына өзінің өмірі туралы бөліседі. Сондай-ақ Карима модельдік бизнеспен айналысады.

Сонымен қатар Анна Зорина бірінші вице-ару атанды, екінші орынға Бинұр Жамболатова ие болды, үшінші орынды Наталья Павлишина иеленді.

Карима Бірімжанова
Карима Бірімжанова. Фото: NUR.KZ/Алена Бутенко

Карима Бірімжанова мен байқауға қатысушылар
Карима Бірімжанова мен байқауға қатысушылар. Фото: NUR.KZ/Алена Бутенко

Карима Бірімжанова мен байқауға қатысушылар
Карима Бірімжанова мен байқауға қатысушылар. Фото: NUR.KZ/Алена Бутенко

Айта кетейік, әділ қазылар алқасының құрамында мынадай белгілі тұлғалар болған еді: стилист Эльмира Бекпатшаева, байқаудың бас сарапшысы Андрей Ткаченко, Бауыржан Апсейітов, Лилия Баймұратова, модельер Раушан Әнуарбекова, Ирина Гончарова, Гүлбахор Хасанова, Рафаэль Харун-заде, Дмитрий Лаптюшин.

Одан бөлек, "Алматы аруы – 2022" Томирис Заир, Валерия Оздемир, fashion-фотограф Данил Олейник, Индира Маханова, байқау президенті Айдай Исаева, дизайнер Құралай Нұрқадилова, Совет Сейітов, қырғызстандық дизайнер Арзубек Vonamaв.

Естеріңізге сала кетейік, 12 қыркүйек күні "Алматы аруы – 2023" байқауының жеңімпазы Наталья Петри болғаны туралы жазған едік. Ақтық сынға шыққан тоғыз бойжеткен мегаполистің тұңғыш аруы атағын сарапқа салды.

Байқаудан кейін Наталья болашаққа арманы қандай екенін көпшілікке бөліскен болатын.

Оған қоса Ақтөбедегі Қазақстан-Ресей медицина университетінің студенті Тілекші Серікқалиқызы "Ақтөбе аруы - 2023" байқауының жеңімпазы атанды.

Елордада "Астана аруы – 2023" жеңімпазы анықталды (фото)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.