Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодар тұрғындары қауіпті көпқабатты үш үйден шұғыл көшіріледі

Опубликовано:

Тұрғын үй
Павлодардағы құлайын деп тұрған тұрғын үй. Видеодан кадр: astanatv.kz

Павлодарда бес қабатты үш бірдей тұрғын үй құлайын деп тұр. Тұрғындардың дабылынан кейін жергілікті әкімдік төтенше жағдай жариялады, деп хабарлайлы Astana TV.

Телеарна мәліметінше, құлайын деп тұрған үй тұрғындары уақытша жалдамалы пәтерлерге көшірілмек. Алайда олар үйлерін тастап көшуге қарсы. Айтуларынша, әкімдік басқа үй беруге кепіл хат берсін деп талап қойып отыр. Оның үстіне пәтер жалдауға берілетін қаражат та тұрғындардың көңілінен шықпайды.

"120-130 мыңға 3 бөлмелі пәтер жалдай алмайсың. Бір бөлменің өзі 100 мың теңге тұрады. Сонда әкімдік бізді мазақ қылып отыр ма? Бізге "басқа пәтерге көше беріңдер" деп ауызша айтады. Пәтеріміздің орнына басқа үй беретіндері туралы ешқандай кепілдік құжат бергілері келмейді. Сондықтан, қолыма құжат бермейінше, бұл үйден көшпеймін", - деді қала тұрғыны Олег Дедюкин.

Телеарна ақпаратынша, мамандар бұл үйдің бір сәтте құлап кету қаупі басым екенін айтады. Баспана өткен ғасырдың 90 жылдары салынған. Алайда іргетасы дұрыс қаланбапты. Соның салдарынан уақыт өте келе үйдің қабырғалары шытынай бастаған. Қазір бес қабатты үш нысанда 250-ге жуық адам тұрып жатыр. Оның жартысына жуығы - балалар.

"Бұл үйдің қабырғалары құлауы мүмкін. Осы аталған үйлерде әсіресе, Центральная 6 мекенжайы бойынша қауіп қатері өте үлкен. Үй блоктан жасалған. Блоктың арматурасы сваркамен жалғанған. Осы сварканың шоптары ашылып жатыр", - дейді қалалық ТЖБ бастығының міндетін атқарушы Тілекжан Галямов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2040821-pavlodar-turgyndary-qauipti-kopqabatty-us-uiden-sugyl-kosiriledi/

pixel