Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының мамандарына арналған жоба басталды

Опубликовано:

Біліктілікті арттыру курсының қатысушылары
Біліктілікті арттыру курсының қатысушылары. Фото: Біліктілікті арттыру курсы ұйымдастырушылары

Бүгін, 2 қазан күні Алматы қаласында мемлекеттік мектепке дейінгі білім беру ұйымдары меңгерушілері мен әдіскерлерінің кәсіби және басқару деңгейін арттыруға бағытталған жоба өз жұмысын бастады. Аталған жобаның басты мақсаты – мамандардың кәсіби машығы мен біліктілігін жетілдіру, сонымен бірге Алматы қаласындағы мектепке дейінгі білім беру сапасын бағалау жүйесін енгізу.

Жоба Алматы қалалық білім басқармасының мұрындық болуымен жүзеге асуда. Ұйымдастырушылардың сөзінше, жоба қаланың мектепке дейінгі білім беру ұйымдары шеңберінде жаңа әрі сапалы білім беру ортасын қалыптастыруға сеп болады.

Бүгін басталған оқыту курсы 2023 жылдың желтоқсанына дейін жалғаспақ. Оның шеңберінде мегаполистің мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының 50 меңгерушісі мен 50 әдіскері жаңа білім алады. Екі айлық курс мектепке дейінгі білім беру жүйесінде енгізіліп жатқан Мектепке дейінгі білім мен тәрбие берудің жаңа моделі аясында меңгерушілердің кәсіби әрі басқару біліктіліктерін жетілдіруге бағытталып отыр.

Одан бөлек курсқа қатысушылар білім беру сапасын бағалау және жақсартуға арналған инструментарийлерді меңгеруді үйренеді. Модуль, сондай-ақ, психологиялық тренингтерден тұрады. Бұл тренингтер мамандарға жаңа білімді меңгеруде сеп болмақ. Жаңа білім алған білім беру саласының мамандары мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының жұмысын жақсарту үшін енгізілетін өз ұйымын дамытудың бесжылдық мерзімге арналған даму бағдарламасын да жасап шығара алады.

Мұндай форматтағы курстар елімізде жиі өткізіле бермейтінін ескерсек, жоба Қазақстанның білім беру ұйымдарындағы көптеген мамандар үшін пайдалы болмақ. Оқу бағдарламасын жасауға сертификатталған отандық сарапшылардан бөлек, мектепке дейінгі білім беру саласындағы шетел эксперттері де қатысқанын атап өту керек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2040843-almatyda-mektepke-deiingi-bilim-beru-uiymdarynyn-mamandaryna-arnalgan-zoba-bastaldy/

pixel