Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұрсұлтан Назарбаев қорының Шымкенттегі күндері – білім беру және әлеуметтік жобалар, сарапшылардың шеберлік дәрістері мен жарқын концерт

Опубликовано:

Нұрсұлтан Назарбаев қоры мен серіктестері Шымкентке келді
Фото: Нұрсұлтан Назарбаев Қоры

Шеберлік дәрістері, жастар мен оқытушыларға арналған тренингтер, білім беру жобаларының тұсаукесері, ерекше қажеттілігі бар балаларға қолдау көрсету, көрнекті мәдениет қайраткерлерінің концерті – Нұрсұлтан Назарбаев қоры мен серіктестері осындай бағдарламамен Шымкент қаласына барды.

Нұрсұлтан Назарбаев қорының күндері Шымкентте 10-13 қазан аралығында өтті. Қор өңірлерге әркез мазмұнды бағдарламамен келеді, оның басты мақсаты жастардың дамуы мен зияткерлік өсуіне ықпал ету, аутизмі, сал ауруы, ақыл-ой кемістігі бар балаларды оңалту үшін жақсы жағдай жасау, мәдени құндылықтардың сақталуын қолдау.

2023 жылғы 11 қазанда қор бағдарламасы «Талант №1» жекеменшік орта мектебінде қалалық робототехника мұғалімдері үшін спорттық робототехника бойынша оқыту курсын өткізуден басталды. «Роботек» жетекші робототехника мектебінің мамандары білімін бөлісті. Мектеп сарапшыларының командаларды ірі турнирге дайындауда үлкен тәжірибесі бар. «Роботек» 2014 жылдан бері жұмыс істейді. Осы уақыт ішінде мамандар 7000 жасты оқытты, 340 мұғалім біліктілікті арттыру курсынан өтті, 75 бала ел ішіндегі біріншіліктерде жүлделі орындарға ие болды, 5 жасөспірім Қазақстан құрамасы сапында әлем чемпионатына қатысты.

Екі күндік курсқа қатысатын қала мұғалімдері (11 және 12 қазан) сабақтың әдістері мен формасы туралы құнды ақпарат алады, балаларда инженерлік ойлауды қалай дамыту керектігі туралы біледі.

Баласы бар ана
Фото: Нұрсұлтан Назарбаев Қоры

«Білім және ғылым, мәдениет және шығармашылық, инклюзия және жоғары технологиялар – бұл қордың жастарды қолдайтын негізгі бағыттары. Жобаны қорытындылай келе, біз жүздеген жастың қолдауға ие болып, жаңа деңгейге көтеріле алғанын көргенімізге қуаныштымыз», - дейді Нұрсұлтан Назарбаев қоры атқарушы директордың орынбасары Әлкей Марғұланұлы.

Нұрсұлтан Назарбаев қоры жанындағы «El umiti» корпоративтік қоры білім беру жобаларының роуд-шоуы кезінде әр оқушыға өз әлеуетін іске асыруға, жаңа білім алуға мүмкіндік беретін жастар жобалары туралы сөз қозғалды.

Тұсаукесер қаланың білім бөлімінің қызметкерлері мен орта мектеп директорлары үшін ұйымдастырылды.

«El umiti» КҚ қызметкерлері ел бойынша 2020 жылдан бері барлығы 618 мыңнан астам оқушы қамтылғанын айтты. Оның ішінде 1342 оқушы «Дарын», БИЛ, РФММ мектептеріне оқуға түсті.

Тағы бір жоба – «Qabilet» қабілеттілікті диагностикалау және кәсіптік бағдарлау қызметінен 2021 жылдан бастап 233 600-ден астам бала өтті.

«Birge oqy» онлайн платформасы 6-8 сыныпта оқитын 10 мыңға жуық оқушыға синхронды оқыту форматында академиялық қолдау көрсетті, 3-10 сыныптың 8,5 мың оқушысы асинхронды оқыту форматында қосымша білім алды.

Төл тарихты біліп, коммуникациялық дағдыны дамытуға, оқушыларға арналған пәндік олимпиадаларды жақсартуға мүмкіндік беретін «Тәуелсіздік дәуірі» ойыны, мұғалімдердің кәсіби және сабақтас құзыреттерін дамытатын «Smart ustaz» бағдарламасы – осы және басқа да «El umiti» КҚ жобалары роуд-шоу кезінде көрініс тапты.

Пікірсайыс қозғалысын қолдау – «El umiti» КҚ-ның тағы бір маңызды бағыты. Қор еліміздің белсенді пікірсайысшылары арасында үнемі біріншіліктер ұйымдастырып, үздіктеріне халықаралық жарыстарға қатысуына мүмкіндіктер жасайды. Биыл алғаш рет біздің пікірсайысшылар Ален Аксенов пен Алина Каримова Ұлыбританияда өткен халықаралық біріншілікке – жас пікірсайысшыларға арналған Ұлттық чемпионатқа қатысты.

Робототехника бойынша оқыту курсын өткізу
Фото: Нұрсұлтан Назарбаев Қоры

«Талант №1» мектебінде өткен шымкенттік балаларға арналған шеберлік дәрісінің бірінші күні шешендік өнер, көпшілік алдында сөз сөйлеу, идеяларды қорғау тәсілі мен пікірталас форматы жайлы айтылды. Екі күн бойы балалар терең білім мен тәжірибелік кеңестер алады.

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің болашақ журналистері мен филологтары пиар-менеджер, қоғаммен байланыс жөніндегі маман Оксана Әубәкірованың шеберлік дәрісіне қатысты. Дәріс қызықты телесюжетті қалай жасауға, БАҚ және әлеуметтік желілердің нақты аудиториясы үшін мазмұнды материал дайындауға болатыны туралы тәжірибесін бөлісті.

Медицина ғылымдарының докторы, жақ-бет хирургы, Нұрсұлтан Назарбаев қорының лауреаты Сухраб Жапаров Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының студенттерімен қызықты кездесу өткізді. Сухраб Абайдуллаұлы 45-тен астам ғылыми еңбек пен 9 өнертабыс патентінің авторы, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» республикалық байқауының жеңімпазы. Хирург жұмысы туралы айтып, біліктілікті арттыру мүмкіндіктері туралы ақпаратпен бөлісті.

Домбыра тарту
Фото: Нұрсұлтан Назарбаев Қоры

«Қазақстанның алтын виолончелі», Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының солисі, халықаралық байқаулардың лауреаты, Нұрсұлтан Назарбаев қоры сыйлығының лауреаты Ермек Құрманаев және «Астана Опера» мемлекеттік академиялық опера және балет театры опера труппасының жетекші солисі, қор сыйлығының лауреаты Татьяна Вицинская студентермен кездесу өткізді.

Нұрсұлтан Назарбаев қоры атқарушы директорының орынбасары, Қазақстан Республикасының Конституциялық кеңес экс-төрағасы Игорь Рогов Жастар ресурстық орталығында Қазақстанның аса маңызды заңдарын әзірлеу тарихы туралы әңгімеледі.

Кездесуден кейін ЖОО-да «Қамқорлық» жобасы аясында ашылған нысандардың жұмысымен танысуы өтті. Ол 2020 жылдан бастап өңір әкімдіктерімен бірлесіп, «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры мен «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен іске асырылып жатыр. Басты мақсат ерекше қажеттілігі бар балаларды оңалту, емдеу үшін жаңа мүмкіндіктер жасау.

South Kazakhstan Medical Academy
Фото: Нұрсұлтан Назарбаев Қоры

2020 жылдан бастап бастаманы іске асыру аясында:

  • Нейро-ортопедиялық бұзылысы және олардың туындау қаупі бар балаларға арналған 15 оңалту орталығы және 11 ерте араласу орталығы. Жұмыс барысында орталықтардан 29 мыңнан астам баланы тегін оңалтудан өтіп, 2362-сі ақырындап жүре бастады, 3215-і сөйлей бастады;
  • Мектептер жанындағы инклюзияны қолдаудың 16 кабинетінің арқасында ерекше білім беру қажеттілігі бар 180-ден астам бала жалпы білім беру үдерісін біріктірді;
  • Аутизм және басқа да ақыл-ой кемістігі бар балаларға арналған 4 орталық. Орталықтар Шығыс Қазақстан, Жетісу, Павлодар облысында және Шымкент қаласында орналасқан. Әрбір орталық 1,5 пен 18 жас аралығындағы аутизм спектрі бұзылған 125 балаға арналған.

Оларды аралау барысында қор өкілдері Түркістан облысы Қоғамдық денсаулық басқармасының «Облыстық балалар ауруханасы» ШЖҚ МКК базасындағы «Қамқорлық» ерте араласу орталығына және «№2 Оңалту орталығы» ШЖҚ МКК базасындағы «Қамқорлық» ерте араласу орталығына 2 кондиционерден сыйға тартты. Аутизм және басқа да ақыл-ой кемістігі бар балаларға арналған орталықтағы массаж кабинетіне арналған жабдық сыйға тартылды.

Нұрсұлтан Назарбаев қорының күндері Ш. Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияда әлемдік деңгейдегі әртістердің ауқымды концертімен аяқталды. Гаухар Тасбергенова, Бибігүл Жанұзақ, Татьяна Вицинская, Ермек Құрманаев, Ардақ Балажанова, Есбол Шаңбаев, Айгүл Азатова және Марат Айтымбай сынды халықаралық байқаулардың, Нұрсұлтан Назарбаев қоры сыйлығының лауреаттары, көрнекті музыканттар мен әншілер өнер көрсетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2040902-nursultan-nazarbaev-qorynyn-symkenttegi-kunderi-bilim-beru-zane-aleumettik-zobalar-sarapsylardyn-seberlik-daristeri-men-zarqyn-koncert/

pixel