jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

Жамбыл облысында "Асарлатып үй салу" жобасы аясында екі отбасы баспаналы болды

Талас ауданының әкімі Нұрбол Жүнісбеков жаңа қоныстанушыларды құттықтады
Фото: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жамбыл облысында "Асарлатып үй салу" жобасы қолға алынып, көптеген мұқтаж отбасы баспаналы болуда.

Бұл жолы Талас ауданының орталығы Қаратау қаласында екі отбасының үйіне жөндеу жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді.

Талас ауданының әкімі Нұрбол Жүнісбеков қоныс той иелерін арнайы құттықтап, ат салысқан барша азаматқа, жеке кәсіпкерлерге және мекемелерге ризашылығын жеткізді.

Баспаналы болған отбасылардың Қаратау қаласының әкімі Дархан Байымбетовке айтар алғысы көп. Тәжірибелі әкім жергілікті жұртшылықты сауапты іске жұмылдыра білген.

"Дархан Тобашұлы былтыр да Қаратау қаласында үш отбасының осы жоба аясында баспаналы болуына ұйытқы болған. Биыл міне, екі шаңырақ шаттық тойын тойлауда. Алғыс арқалаған алысқа барады дейді ғой. Абыройлы болсын әрқашан", - деп жаңа қоныс иелері ағынан жарылды.

Жаңа тұрғын үй
Фото: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

"Асар – ауызбіршілікті нығайтып, халықтың басын қосатын, ежелден келе жатқан игілікті іс. "Жұмыла көтерген жүк жеңіл" дегендей, қолда барын бір-бірімен бөлісіп, біріне-бірі қамқор тілеулес болған ұлттың ұлылығы да осында. Міне бүгінде бірлікпен жасалған еңбек еленіп, қаратаулық тұрғынның баспанасы демеушілер есебінен жөндеуден өтіп, кілті табысталуда. Жақынына жанашырлықпен қараған қазақ халқы ынтымағымен ырысын арттыратынын тағы бір көрсетуде", - дейді аудан басшысы.

Жалпы "Асарлатып үй салу" жобасы аясында Талас ауданы бойынша былтыр 9 үй салынса, биыл да 9 үй салу жоспарланған. Қазірге дейін 5 үйдің құрылысы аяқталды, қалғаны жыл соңына дейін пайдалануға берілмек.

Жамбыл облысында "Асарлатып үй салу" жобасы аясында екі отбасы баспаналы болды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.