Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ауғанстандағы жойқын жер сілкінісі: қазақстандық құтқарушылар елге оралуға дайындалуда

Опубликовано:

Қазақстандық құтқарушылар
Қазақстандық құтқарушылар. Фото: ТЖМ ресми сайты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Ауғанстанға жер сілкінісінің салдарын жоюға көмек көрсету үшін жіберілген ТЖМ-ның 45 қызметкері елге оралуға дайындалуда. Бұл туралы ТЖМ ресми сайтында хабарлады.

"Бөлінген учаскедегі іздестіру-құтқару жұмыстарының толық көлемінің аяқталуына байланысты жойқын жер сілкінісінің салдарын жоюға көмек көрсету үшін жіберілген қазақстандық құтқарушылар жасағын қайтару туралы шешім қабылданды. Қазақстан ТЖМ күштері мен құралдарын қайтару 14 қазанға жоспарланған", - делінген хабарламада.

Қазақстандық құтқарушы
Қазақстандық құтқарушы. Фото: ТЖМ ресми сайты

Ведомство мәліметінше, Ауғанстанда құтқару жұмыстары басталғалы бері қазақстандық құтқарушылар қаза тапқан бір баланың денесін үйінді астынан алып шыққан, 80 жергілікті тұрғынға медициналық көмек көрсеткен, 211 үй фрагментінің үйіндісін бөлшектеген, Наиброфи елдімекеніндегі 700 қираған үйдің учаскесін тексерген.

Сонымен қатар құтқарушылар қатты шаңды дауылдан қираған шатырлы қаланы тексерген. Жергілікті биліктің өтініші бойынша қазақстандық құтқарушылар мен дәрігерлердің жедел тобы дипломатиялық корпус өкілдерімен бірлесіп, шатырлы 9 қалашық орналасқан жерде тексеру жұмыстарын жүргізген.

Естеріңізге сала кетейік, мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 10 қазанда ТЖМ құтқарушылары жер сілкінісі салдарын жоюға көмек көрсету үшін Ауғанстанға аттанған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2040944-auganstandagy-zoiqyn-zer-silkinisi-erten-qazaqstandyq-qutqarusylar-elge-oralady/

pixel