Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ауғанстандағы жер сілкінісі: қазақстандық құтқарушылар үйінді астынан бір баланың денесін алып шыққан (фото)

Опубликовано:

Ауғанстандағы қазақстандық құтқарушылар
Ауғанстандағы қазақстандық құтқарушылар. Фото: ТЖМ ресми сайты

Қазақстанның құтқарушылары Ауғанстанда болған жойқын жер сілкінісінің салдарын жою жұмыстарын жалғастыруда. Құтқарушылар қираған тұрғын үйдің біреуін бөлшектеу барысында үйінділердің арасынан 5-6 жастағы баланың денесін тауып алып шыққан. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі ресми сайтында хабарлады.

Ведомствоның хабарлауынша, президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Ауғанстанға жіберілген қазақстандық құтқарушылар жойқын жер сілкінісінің салдарын жоюға көмек көрсетуді жалғастыруда.

Ауғанстандағы қазақстандық құтқарушылар
Ауғанстандағы Қазақстанның құтқарушылары. Фото: ТЖМ ресми сайты

"Наиброфи елді мекенінде қазақстандық құтқарушылар 211 үй фрагментінің үйіндісін бөлшектеді. "Бір қатармен" әдісі бойынша құтқарушылар 487 учаскені жаяу жүріп өтті. Осы елді мекенде 700 қираған үйдің учаскесі тексерілді", - делінген хабарламада.

Ведомство ақпаратынша, толығымен қираған тұрғын үйдің біреуін бөлшектеу барысында құтқарушылар 5-6 жастағы баланың денесін тауып алып шықты.

Жер сілкінісінің салдарынан қираған үйлердің үйіндісі
Жер сілкінісінің салдарынан қираған үйлердің үйіндісі. Фото: ТЖМ ресми сайты

"Ауған тарапының өкілдерімен бірлесіп, қазақстандықтар Наиброфиден 10 км қашықтықта орналасқан Сияхан елді мекенінде толығымен қираған үйлердің астын тексерді. Чолк елді мекенінде де үйінділерді бөлшектеу жұмыстары жүргізілді. Зардап шеккендер табылған жоқ", - деп жазылған ТЖМ ресми сайтының хабарламасында.

Қазақстандық құтқарушылар 80 жергілікті тұрғынға, оның ішінде 11 балаға медициналық көмек көрсеткен.

Ауғанстандағы қазақстандық құтқарушылар
Ауғанстандағы Қазақстанның құтқарушылары. Фото: ТЖМ ресми сайты

Қатты афтершок фактілерінің жиілеуіне әрі бөлінген учаскедегі жұмыстардың аяқталуына байланысты Қазақстан ТЖМ жасағы Герат қаласына бару үшін жолға шықты.

Ауғанстандағы жер сілкінісі

Естеріңізге сала кетсек, 7 қазан күні Ауғанстанның батысында Иранмен шекарада магнитудасы 6,3 болатын жер сілкінісі тіркелді. Табиғи апат салдарынан кем дегенде 120 адам қаза тапқан, алайда құрбандар саны артуы мүмкін екені хабарланған болатын.

Жер сілкінісінің ошағы Герат қаласының батысында 40 км жерде болған. Жер асты дүмпулері жергілікті уақыт бойынша сағат 11:00-де басталған.

Кейін Ауғанстан Табиғи апаттар бойынша министрлігінің өкілі Мулла Джанан Саик жер сілкінісі салдарынан 2053 адам қаза тапқанын хабарлады. Жер асты дүмпулерінен тағы 9240 адам зардап шекті.

Сондай-ақ мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстанға құтқарушылар мен гуманитарлық көмек жіберуді тапсырған еді.

Гуманитарлық көмек азық-түлік тауарлары, шатырлар, дәрі-дәрмектер, киім-кешек және басқа да қажетті заттардан тұрады.

10 қазан күні мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ТЖМ құтқарушылары жер сілкінісі салдарын жоюға көмек көрсету үшін Ауғанстанға аттанған.

Ал 11 қазанда Қазақстан Ауғанстанға салмағы 1659 тонна көлемінде гуманитарлық көмек жөнелтті. Дәрі-дәрмектер мен шатырлар Ұлттық гвардия ұшағымен жіберілді.

Сонымен қатар бүгін, 12 қазан күні ТЖМ Ауғанстанға жойқын жер сілкінісінің салдарын жоюға көмектесуге барған қазақстандық құтқарушылар жасағының жұмысы туралы айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2040797-qazaqstannyn-qutqarusylary-auganstanda-uiindilerdin-arasynan-balanyn-denesin-tauyp-alyp-syqty/

pixel