Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық құтқарушылар Ауғанстандағы жұмыстарды аяқтады

Опубликовано:

Ауғанстандағы жер сілкінісінен кейін
Ауғанстандағы жер сілкінісінен кейін. Фото: Photo by MUHAMMAD BALABULUKI/Middle East Images/AFP via Getty Images

Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Ауғанстанға көмекке жіберілген Қазақстанның төтенше жағдайлар министрілігінің қызметкерлері өз жұмысын аяқтады, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігі Telegram ресми арнасында.

Министрлік мәліметінше, Қазақстанның төтенше жағдайлар министрілігінің 45 қызметкері тұрақты орналасқан жеріне оралуға дайындалуда.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Ауғанстанға жіберілген Қазақстан төтенше жағдайлар министрлігінің 45 қызметкері тұрақты орналасқан жеріне оралуға дайындалуда", - деп мәлім етті төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Еске сала кетсек, 7 қазан күні Ауғанстанның батысында Иранмен шекарада магнитудасы 6,3 болатын жер сілкінісі тіркелді. Табиғи апат салдарынан кем дегенде 120 адам қаза тапқан, алайда құрбандар саны артуы мүмкін екені хабарланған болатын.

Жер сілкінісінің ошағы Герат қаласының батысында 40 км жерде болған. Жер асты дүмпулері жергілікті уақыт бойынша сағат 11:00-де басталған.

Кейін Ауғанстан Табиғи апаттар бойынша министрлігінің өкілі Мулла Джанан Саик жер сілкінісі салдарынан 2053 адам қаза тапқанын хабарлады. Жер асты дүмпулерінен тағы 9240 адам зардап шекті.

Сондай-ақ мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстанға құтқарушылар мен гуманитарлық көмек жіберуді тапсырған еді.

Гуманитарлық көмек азық-түлік тауарлары, шатырлар, дәрі-дәрмектер, киім-кешек және басқа да қажетті заттардан тұрады.

Ал 11 қазанда Қазақстан Ауғанстанға салмағы 1659 тонна көлемінде гуманитарлық көмек жөнелтті. Дәрі-дәрмектер мен шатырлар Ұлттық гвардия ұшағымен жіберілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2040989-qazaqstandyq-qutqarusylar-auganstandagy-zumystardy-ayaqtady/

pixel