Шымбұлақта қар жауды (фото, видео)
Жарияланған күні:

Алматыдағы Шымбұлаққа қар жауды, қазір қалалық коммуналдық қызметтер жолды тазалауда. Жол қозғалысын шектеу үшін жол полициясы бекеті орнатылды, деп хабарлайды Алматы әкімдігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
"Шымбұлақта қардың жаууына байланысты бұрынғы экопосттан Шымбұлаққа дейінгі аумақта көктайғаққа қарсы материалдар себіліп, жол тазалау жұмыстары жүргізілуде. Көлік қозғалысын шектеу үшін жол полициясы бекеті құрылды", - деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, Шымбұлаққа қыркүйек айында да қар жауған болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2040992-symbulaqta-qar-zaudy-foto-video/