Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Үйімізге қайта оралдық": жаздағы өрттен кейін "Ақкент" тұрғын үй кешеніндегі пәтерлер қалпына келтірілді (фото)

Опубликовано:

Дәліз
"Ақкент" тұрғын үй кешеніндегі жөндеуден өткен үй: t.me/almaty_akimat

Алматыдағы "Ақкент" тұрғын үй кешеніндегі пәтерлер өрттен кейін қалпына келтірілді. Жөндеуден өткен пәтерлеріне оралған тұрғындар ризашылығын білдіруде, деп хабарлайды қалалық әкімдік Telegram-дағы ресми арнасында.

Қалалық әкімдіктің мәліметінше, "Ақкент" шағын ауданындағы №54 тұрғын үйдегі 96 пәтер өрттен кейін қалпына келтірілген.

Баспалдақ алаңдары, дәліздер жөнделіп, пәтерлер әрленіп, электр монтаждау жұмыстары жүргізіліп, кабель ауыстырылған, сондай-ақ алты пәтердің екі қабатты терезелері ауыстырылған, сексен пәтердің кіреберіс есігі жөнделген. Адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ғимараттың эвакуациялық жолдары тексерілген.

Жөндеуден өткен пәтер
Жөндеуден өткен пәтер. Фото: t.me/almaty_akimat

Бұл ретте Алатау ауданының әкімі Азамат Қалдыбеков жөндеуден өткен пәтерлерді арнайы барып, өз көзімен көрген.

Ал тұрғындар пәтерін қалпына келтіруге көмектескен әкімдікке алғысын айтуда.

"Күні-түні бел жазбай еңбек етіп, қысқа мерзімде жұмысшылар бәрін қалпына келтірді. Бізге қол ұшын созып, көмектескеніне өте ризамыз", - дейді тұрғын Ермек Нұрбосынов.

Жөндеуден өткен пәтер
Жөндеуден өткен пәтер. Фото: t.me/almaty_akimat

Тағы бір тұрғын Бәтима Көжекбаеваның айтуынша, жөндеу жұмыстары жақсы жасалған, үйлері жылы әрі таза.

"Өтқа оранған пәтерді жөндеуден кейін үйімізге қайта оралдық. Жөндеу жұмыстары жақсы жасалған, үйіміз жылы, таза. Көп рақмет. Бізге бірнеше рет келіп, қал-жағдайымызды біліп тұрды", - дейді ол.

Әкімдіктің ақпаратынша, пәтерлерді қалпына келтіруге және уақытша қоныстануға әкімдік 168 млн теңгеден астам қаражат бөлге. Оның 100 млн теңгесі жөндеуге жұмсалса, тағы 300 млн теңгені құрылыс салушы компания бөлген.

Естеріңізге сала кетейік, 1 тамызда Алматыдағы "Ақкент" шағын ауданында 16 қабатты үйден өрт шығып, салдарынан 49 адам зардап шегіп, бір әйел алған жарақатынан қайтыс болған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2041043-uiimizge-qaita-oraldyq-zazdagy-ortten-keiin-aqkent-turgyn-ui-kesenindegi-paterler-qalpyna-keltirildi-foto/

pixel