Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақкенттегі өрт: дәрігерлер зардап шеккен қанша адам ауруханада жатқанын айтты

Опубликовано:

Аурухана
Көрнекі фото: Алматы ДСБ баспасөз қызметі

Жуырда Ақкент ықшамауданында болған өрттен зардап шеккендердің кейбірі әлі ауруханаларда жатыр, олардың арасында балалар да бар. Зардап шеккендердің жағдайы туралы Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінде мәлімдеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының емдеу-профилактикалық іс-шаралар және мониторинг, талдау, цифрландыру және мемлекеттік қызмет көрсету бөлімінің басшысы Ләйла Иманғалиева емделушілер туралы жаңа мәлімет ұсынды.

Оның сөзінше, өрттен барлығы 49 адам зардап шеккен. Қазір екі ересек адам ем қабылдап жатыр - олар №7 қалалық клиникалық ауруханада. Медицина қызметкері зардап шеккендердің жағдайы тұрақты, орташа ауыр деп атап өтті.

Балалар жедел медициналық жәрдем орталығында да үш бала жатыр. Олардың да жағдайы тұрақты – жансақтау бөлімінде зардап шеккен балалар жоқ.

Алматыдағы Ақкент ықшамауданында шыққан өрт

Еске сала кетейік, 1 тамыз күні Алматының Алатау ауданында орналасқан көпқабатты тұрғын үйде өрт шықты.

Желіде оқиға орнынан түсірілген кадрлар жарияланды - онда адамдардың терезеден секіріп жатқанын көруге болады.

ТЖД қызметкерлері шақыртудан соң оқиға орнына 6 минут ішінде келген. Онда 16 қабатты тұрғын үйдің 5-қабатында орналасқан пәтер өртеніп жатқаны анықталды. Лифт шахтасында 5-ші және 6-ші қабатта электр кабельдері жанғаны айтылды.

Сол күні сағат 18:46-да өрт оқшауланып, сөндірілген болатын.

Көпқабатты тұрғын үйде шыққан өрттен зардап шеккен әйел көз жұмған. Төтенше жағдайлар департаменті мәліметінше, өртте барлығы 43 адам жапа шеккен.

16 қабатты тұрғын үйдегі ірі өрттің салдарынан 37 адам қаланың көпбейінді стационарларына жеткізілді, тағы 4 науқас балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр.

Сондай-ақ Алматы әкімі Ерболат Досаев Ақкентте болған өрт салдарынан көз жұмған әйелдің отбасына көңіл айтқаны туралы жазған едік.

Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы Ақкенттегі өрт салдарынан ауруханада көз жұмған әйелдің нақты қандай диагнодан каза тапқанын мәлімдеген болатын.

Сонымен қатар 3 тамыз күні өрт кезінде зардап шеккендердің жағдайы жөнінде мәлімет жарияланған болатын.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, Ақкент ықшамаудындағы өрт кезінде 49 адам зардап шеккен. Оның ішінде екі ересек адам мен 15 бала стационарлық ем алуда. Қалған ересек адамдар мен бір бала реанимацияда жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/2031313-aqkenttegi-ort-darigerler-zardap-sekken-qansa-adam-auruxanada-zatqanyn-aitty/

pixel