Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада жол жөндеу жұмыстарына байланысты екі көшеде 3 тәулікке көлік қозғалысы шектеледі

Опубликовано:

Жол жөндеу белгісі
Жол жөндеу белгісі. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Астана қаласының Өндіріс көшесінде жол жөндеу жұмысы жүргізіледі. Осыған байланысты 17-20 қазан аралығында бірнеше көше жабылады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"17-20 қазан аралығында Солтүстік айналма жолдан "Астана қаласын айналып өту" автомобиль жолына дейінгі учаскеде көлік қозғалысы толығымен жабылатын болады", - деп хабарлады Астана әкімдігі ресми сайтында.

Сонымен қатар елорда әкімдігі тұрғындар мен қала қонақтарына қозғалыс бағытын жоспарлауға кеңес берді.

"Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет", - деді елорда әкімдігі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2041246-astanada-zol-zondeu-zumystaryna-bailanysty-3-taulikke-eki-kosede-kolik-qozgalysy-sekteledi/

pixel