Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тұңғыштар мекенінде туризмді дамыту үшін": БҚО-ның Хан Ордасы ауылында визит орталығы ашылды

Опубликовано:

Визит орталығының ашылуы
Фото: БҚО әкімдігі

Батыс Қазақстан облысының Хан Ордасы ауылында визит орталығы ашылды. Жаңа ғимаратта ақпарат орталығымен қоса, кафетерий, балалар бөлмесі, киностудия және фотозертхана бар.

Батыс Қазақстан облысындағы Хан Ордасы ауылының тұрғындары өздерін тұңғыштар мекенінде тұрып жатырмыз деп санайды. Тарихи тұлғаларды айтпағанда, алғашқы қазақ мектебі, ауруханасы, қыздар училищесі, баспаханасы, тіпті банкі де осында ашылған.

1867 жылы салынған қазынашылық үйі де қаз-қалпында сақтаулы. Бұл тарихи нысандарды көру үшін ағылған туристердің қатары қысы-жазы толастаған емес. Былтырдың өзінде 25 мың саяхатшы осында ат басын тіреген. Енді міне осы тарихи мекенде туризм саласын одан әрі дамыту және туристерге қолайлы жағдай жасау мақсатында ауылда визит орталығы салынды.

Визит орталығының ашылуы
Фото: БҚО әкімдігі

"Ауданымыз Ресейдің екі облысымен шектесіп жатыр. Сол Волгоград және Астрахань аймақтарынан туристер жиі келеді. Еліміздің де түкпір-түкпірінен ағылып жатыр. Облыс орталығынан Хан ордасына дейінгі жолдың құрылысы аяқталса, саяхатшылар саны бұдан да көбейері анық. Ал туризм дамыса, өңір эконмикасы да жанданып, жаңа кәсіпкерлік нысандары мен жұмыс орындары ашыларына сенеміз", - дейді Хан Ордасы музей-қорығының директоры Ғайса Махимов.

Визит орталығының ашылуы
Фото: БҚО әкімдігі

Визит орталығы мен әкімшілік ғимаратының құрылысына 432 млн теңге жұмсалған. Жоба жер қойнауын игеруші ҚПО б.в. компаниясының әлеуметтік аударымдары есебінен қаржыландырылған. Жаңа нысанның ашылу салтанатына қатысқан облыс әкімі Нариман Төреғалиев тұңғыштар мекенінде жарқын істер жалғасып жатқанын айтты.

Визит орталығының ашылуы
Фото: БҚО әкімдігі

"Бұл ұлттық құндылығымызға, тарихы тереңде жатқан киелі Бөкей Ордасына деген мемлекетіміздің ерекше ықыласы. Бұдан бөлек қазақ жерінде ашылған тұңғыш аурухана ғимаратында жаңа экспозиция жасалып, 1872 жылы салынған амбулатория ғимаратына қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Әр көшесінде шежіре, әр ғимаратында сыр тұнған Бөкей елінің әрдайым бәсі биік бола берсін!", - дейді ол.

Визит орталығы
Фото: БҚО әкімдігі

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2041370-tungystar-mekeninde-turizmdi-damytu-usin-bqo-nyn-xan-ordasy-auylynda-vizit-ortalygy-asyldy/

pixel