jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Елімізде алғаш рет ауыл мектептерінің оқушыларына арналған республикалық олимпиада өтеді

Мектеп оқушылары мұғаліммен бірге
Мектеп оқушылары. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Ауыл мектептері оқушыларының республикалық олимпиадасы биыл қараша мен 2024 жылғы қаңтар аралығында алғаш рет өткізіледі, деп хабарлайды Оқу-ағарту министрлігі ресми сайтында.

Ведомство мәліметінше, аталмыш бастама қала мен ауыл мектептері арасындағы алшақтықты азайтуға бағытталған.

Ауыл мектептері оқушыларына арналған республикалық олимпиада туралы Оқу-ағарту министрлігінде өткен аппарат отырысында белгілі болды.

"Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Ғаждембек Тұрсыновтың айтуынша, олимпиадаға ауыл мектептерінің 9-11 сынып оқушылары қатыса алады.

"Республикалық олимпиадаларда академиялық адалдықты қамтамасыз ету үшін тапсырмалар әр қатысушыға жеке электронды түрде жіберіледі. Олимпиаданың барлық кезеңінде оқушылардың аты-жөні көрінбейді. Әр кезеңнен кейін тапсырмалардың сканерленген нұсқасы, қатысушылардың жұмыстары мен дұрыс жауаптар орталықтың сайтында жарияланады", - дейді Ғаждембек Тұрсынов.

Жоғарыда аталған қағиданың барлығы ең беделді әлемдік IMO, IPhO, IChO, IBO, IGeO, IOI және IOL олимпиадалардың ережелеріне сүйеніп жасақталған. Бұл олимпиадаларда жеңімпаз болған қазақстандықтарға мемлекет тарапынан 500-ден 1500 АЕК-ке дейін қаржылық қолдау көрсетіледі. Биылғы жылы 23 оқушы жүлделі орындарға ие болады.

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мұндай ауқымды шараның өткізілуі еліміздің бүкіл оқу-ағарту саласының жетістігі екенін атап өтті.

"Пәндік олимпиада – балалардың санасында алғашқы ғылыми ізденістерге жол салатын, болашақ ғалымдарды шабыттандыратын, ғылыммен еркін айналысатын жастар тобын қалыптастыратын ең ауқымды бағдарламалық сайыс. Сондықтан республикалық олимпиадалардың әрқайсысының сапалы әрі жоғары деңгейде өтуі маңызды", – деді Ғани Бейсембаев.

Елімізде алғаш рет ауыл мектептерінің оқушыларына арналған республикалық олимпиада өтеді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.