jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

Оралда Республика күніне орай тұрғындарға жалауша мен отандық шоколад сыйға тартылуда

Оралда Республика күніне орай тұрғындарға жалауша мен отандық шоколад сыйға тартылуда
Фото: Орал қалалық ақпараттық талдау және жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы

Жергілікті жастар ерекше акция арқылы жұртшылыққа мерекелік көңіл-күй сыйлауды мақсат еткен.

"Осы Қазақстан туы бейнеленген шоколадты өзге елдің азаматтарына немесе өзге елде жүрген қазақстандықтарға берсең, қатты қуанады. 25 қазан - бізде Республика күні. Соның қарсаңында біздер өзіміздің елдегі адамдардың реакциясын көргіміз келді", - дейді жайдарманшы Самат Қабдиев.

Еріктілер қала орталығындағы ірі сауда орнында болып, тұтынушылар мен сатушыларға сыйлық таратты. Жайық жұртшылығы жастардың бастамасына риза болып, жылы лебізін білдірді.

"Рахмет! Жарайсыздар!", "Аман болайық, бір болайық бәріміз! Мейрам құтты болсын!", "Аспанымыз ашық болсын!", "Елде тек бейбітшілік болып, өркендей берейік!" десті тұрғындар.

"Тұрғындардың реакциясын көзбен көрдік. Бәрі жылы қабылдап, елдің амандығын тілесті. Барша жұртшылықты мемлекеттік мерекемен құттықтаймыз!" дейді еріктілер.

Мұндай акция облыс орталығында ғана емес, аудандарында да жалғасын тауып жатыр. Әр саладағы жастар мазмұнды шараға үлес қосып, қолдау көрсеткен. Еріктілер мейрам қарсаңында өзге де патриоттық акцияларды ұйымдастыруды жоспарлап отыр.

#Republicdaybqo 

Оралда Республика күніне орай тұрғындарға жалауша мен отандық шоколад сыйға тартылуда

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.