Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жарқын бейнесі жүрегімізде мәңгі қалады": Астанада ерлікпен қаза тапқан Асқар Забикулинге ескерткіш қойылды (фото)

Опубликовано:

Асқар Забикулинге қойылған ескерткіш
Асқар Забикулинге қойылған ескерткіш. Фото: t.me/qr_tjm

Астанада ерлікпен қаза тапқан елордалық өрт сөндіруші Асқар Забикулиннің құрметіне қойылған ескерткіштің салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды ТЖМ ресми сайтында.

Ведомство мәліметінше, № 6 мамандандырылған өрт сөндіру бөліміне Асқар Забикулиннің есімі беріліп, өрт сөндірушінің құрметіне қойылған ескерткіштің ашылу салтанаты өтті.

Шараға Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов, елорда әкімі Жеңіс Қасымбек, гарнизон басшылығы мен жеке құрамы, азаматтық қорғау органдарының ардагерлері, Асқардың туыстары мен жақындары қатысты.

"Әрбір адамның өмірі баға жетпес құнды, мемлекеттің стратегиясы ең алдымен азаматтарды қорғауға, төтенше жағдайлардың алдын алуға және жоюға бағытталған. Сол себепті құтқарушылар мен өрт сөндірушілердің еңбегі аса маңызды болып табылады. Бұл ескерткіш – Асқардың өжеттігінің, жанқиярлығы мен адалдығының белгісі. Бүгін біздің көңіліміз түсіп қайғырып, сонымен қатар, барлығымыз үшін үлгі болатын ерлікке деген шексіз құрметпен пен таңдануға куә болып тұрмыз.

Оның жасаған ерлігі азаматтарымыздың қауіпсіздігі жолындағы күресте біздерге күш пен қуат беретін үлгі болсын. Асқар Забикулин біздің әріптесіміз ғана емес, сүйікті ұл, жар және әке болды және оның өмірден өтуі біздің жүрегімізге жазылмас жара салды. Біз оны әрқашан еңбекқор, ақылды және сүйіспеншілікке толы адам ретінде есте сақтаймыз", - дейді Сырым Шәріпханов өз сөзінде.

Биіктігі үш метр болатын ескерткіште Асқар Забикулиннің бюсті қоладан, ал төменгі бөлігі мәрмәрдан жасалған.

"Оның жарқын бейнесі өз ісінің маманы ретінде біздің жүрегімізде мәңгі қалады", - дейді ТЖМ өкілдері.

Асқар Забикулинге қойылған ескерткіш
Асқар Забикулинге қойылған ескерткіш. Фото: t.me/qr_tjm

Айта кетелік, өрт сөндіруші Асқар Забикулин 2022 жылғы қараша айында Астанадағы тұрғын үй кешенінде шыққан өрт кезінде өмірін қатерге тігіп, үш адамды құтқарып қалған еді.

Қызметтік борышын атқару кезінде денесінің 80 пайызын күйік шалған өрт сөндіруші кейін ауруханада қайтыс болды.

Президенттің жарлығымен Асқар қайтыс болғаннан кейін І дәрежелі "Айбын" мемлекеттік наградасымен марапатталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2041726-onyn-zarqyn-beinesi-zuregimizde-mangi-qalady-astanada-erlikpen-qaza-tapqan-asqar-zabikulinge-eskertkis-qoiyldy-foto/

pixel