Қайрат Боранбаев меншігіндегі кен орнын, газ компаниясы мен зауытты мемлекетке қайтарды
Жарияланған күні:
ҚМА тергеумен ынтымақтасуға ниетті екенін мәлімдеген Қайрат Боранбаевтың мүлкін мемлекет меншігіне қайтару шараларын жалғастыруда. Бұл жолы Боранбаев кен орнын, газ компаниясы мен зауытты мемлекетке қайтарған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ агенттіктің Telegram-дағы ресми арнасына сілтеме жасап.
"Қаражанбас Северный" кен орны мемлекет меншігіне өтті, оның өндірістік параметрлері –құны 35,4 млрд теңге болатын 2,6 млн тонна мұнай және 13,2 млн текше метр газ бар 143 ұңғыма.
Боранбаев сондай-ақ тауарлық газды тасымалдаумен және сатумен айналысатын "Азия Газ Чунджа" газ таратушы компаниясын мемлекет меншігіне берді. Компанияның нарықтық құны 14 млрд теңгеге жуық", - дейді ҚМА ресми өкілі Әлібек Әбділов.
ҚМА ресми өкілінің айтуынша, құны 9 млрд теңге болатын "Сервисный Центр КазТурбоРемонт" ЖШС мұнай-газ жабдықтарын өндіру және жөндеу зауыты да мемлекет меншігіне өткен. Кәсіпорын жұмысшыларының саны 740 адамды құрайды.
"Бұл нысанның барлығы мемлекеттік пайдасына өтеді", - дейді ҚМА ресми өкілі Әлібек Әбділов.
Айта кетелік, бұған дейін Қайрат Боранбаев жалпы құны 1,4 млрд теңгеден асатын қонақ үй кешенін өз еркімен мемлекет меншігіне беруге келіскен еді.
Сондай-ақ Қайрат Боранбаевқа тиесілі компаниялар шетелден қайтарылған қаражат есебінен Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына 30 млрд теңгеден астам қаржы аударған болатын.
Бұдан бөлек, Қайрат Боранбаевтың тағы бірнеше активі мемлекет меншігіне қайтырылған еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2041730-qarazanbas-severnyi-ken-orny-aziya-gaz-cundza-boranbaevqa-tiesili-birnese-kompaniya-memleket-mensigine-otti/