jitsu gif

"Жаңбыр, тұман, көктайғақ": бүгін елімізде ауа райы қандай болады

жаңбырлы күн
Жаңбырлы күн. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Синоптиктер жұма, 20 қазанда елімізде ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Қазгиромет" РМК ресми сайтына сілтеме жасап.

Метеорологтардың мәліметінше, оңтүстік циклон және атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен бүгін батыстағы кей өңірлерде жаңбыр жауады.

Ал түнде еліміздің оңтүстік-батысында жаңбыр қатты жауады деп күтілуде.

Синоптиктердің болжамынша, елдің шығысында әлі де күн ашық болып, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Сондай-ақ бүгін Қазақстанның оңтүстік-шығысы мен солтүстігінде күндіз жел күшейіп, солтүстігі мен солтүстік-батысында көктайғақ болуы мүмкін.

Бұдан бөлек, мамандар республика бойынша түнгі және таңертеңгі уақыттарда тұман күтілетінін ескертті.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.