jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Келесі жылы елімізде балаларды балабақшаға кезекке қою үшін Бірыңғай деректер базасы іске қосылады

Балабақша бөлмесі
Балабақша бөлмесі. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

2024 жылы елімізде балаларды балабақшаға кезекке қою үшін Бірыңғай деректер базасы іске қосылады. Бұл туралы үкімет басшысы Әлихан Смайыловқа тиісті цифрлық шешімдер таныстырылған кеңесте белгілі болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ премьер-министрдің ресми сайтына сілтеме жасап.

Үкіметте өткен кеңесте премьер-министр Әлихан Смайыловқа дәрі-дәрмектерді қадағалау бойынша ақпараттық жүйе мен балабақшаларға кезекке қоюдың Бірыңғай деректер базасы таныстырылған.

Бірыңғай деректер базасы – ата-аналарға ыңғайлы болу үшін және мектепке дейінгі ұйымдарда орындарды бөлудің толық ашықтығын қамтамасыз ету үшін жасалған. Атап айтқанда, Egov.kz мемлекеттік порталы немесе екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары арқылы баланы кезекке қою үшін бірден 4 балабақшаға дейін таңдап, кейін онлайн режимде берілген өтініштің мәртебесін бақылауға болады.

"Мекемелердің бірінде орын бола қалған жағдайда дереу ата-анаға хабарланады. Жалпы балабақша таңдаудан бастап, келісімшарт жасасуға дейінгі барлық рәсім электронды форматта өтеді", - деп хабардар етті үкіметтің баспасөз қызметі.

Премьер-министрдің айтуынша, бұл жүйе мектепке дейінгі ұйымдардағы қосарланған кезекті және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға бағытталуы керек.

Айта кетелік, аталған цифрлық жүйе қазір пилоттық режимде пысықталуда. Бірыңғай деректер базасын іске қосу 2024 жылғы қаңтарға жоспарланған.

Келесі жылы елімізде балаларды балабақшаға кезекке қою үшін Бірыңғай деректер базасы іске қосылады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.