Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанның 5 облысында халықаралық деңгейдегі хирургия бөлімдері салынды

Опубликовано:

Қазақстанның 5 облысында халықаралық деңгейдегі хирургия бөлімдері салынды
Фото: facebook.com / "Сәби" қоры

«Сәби» қайырымдылық қоры Атырау қаласында бесінші жоғары технологиялық Шұғыл балалар хирургиясы бөлімшесін ашты. Ашылу салтанатына Кеңес Рақышев пен Әсел Тасмағамбетова қатысты, деп хабарлайды қор Facebook парақшасында.

Бұл қордың «Шұғыл балалар хирургиясы» жобасы аясында жүзеге асырып жатқан ең үлкен нысан болды. Мекемеде ең күрделі хирургиялық операцияларды жасауға мүмкіндік беретін озық медициналық жабдықтары орнатылған үш операциялық блок жасалды. Нысанның құны 569 млн теңгені құрады. Жөндеу жұмыстарының ауданы 900 шаршы метр болды.

Қор Алматыда 2019 жылдың мамыр айында алғашқы Шұғыл хирургия бөлімін ашты. Екіншісі – 2020 жылдың қаңтарында Семей қаласында ашылды. Үшіншісі – Ақтауда 2021 жылдың маусымында, ал төртіншісі Петропавлда 2022 жылдың ақпанында іске қосылды. Жобаның жалпы бюджеті 1 млрд 636 млн теңгені құрады.

Әсел Тасмағамбетова мен Кеңес Рақышев
Әсел Тасмағамбетова мен Кеңес Рақышев. Фото: facebook.com / "Сәби" қоры

«2002 жылы «Сәби» қоры ашылған уақыттан бері медициналық бағыт әрқашан басым бағыттардың бірі болды және болып қала береді. Қордың «Медициналық жобасы» облыстық медициналық мекемелерден бастап ауылдық шағын емханаларға дейін Қазақстанның барлық аймақтарын қамтиды. Оның ішінде ауруханаларды жөндеу және қайта құру, жабдықтау және мамандарды даярлау, дәрі-дәрмек сатып алу және дәрігерлерге қолдау көрсету жатады.

Қазақстандағы медициналық мекемелер ғимараттарының 60 пайызы сонау өткен ғасырдың 50-60-жылдары салынған. Сол ауруханалардың жобасы қазір ескірген, өйткені олар сонау Кеңес заманындағы ҚНжЕ мен СанЕжН-ға сәйкес жүргізілді және әлі күнге дейін қолданыста. Көптеген ауруханалар мен емханалар жаңғыртуды және қайта жабдықтауды өте қажет етеді. Заманауи аурухана ол - арақабырғалары жоқ кеңістіктерден, жайлы күту орындардан, интуитивті навигациядан, жоғары технологиялық жабдықтар мен ең білікті мамандардан құралу керек. Жоғарыда аталған факторлардың барлығын ескере отырып, біз Ақтау, Алматы, Семей, Петропавл және Атырау қалаларында балалар хирургиясының Шұғыл ота жасау бөлімдерін салдық. Біз екі жаққа – дәрігер мен науқасқа барынша қолайлы жағдай жасаймыз», – деп «Саби» қайырымдылық қорының президенті Әсел Тасмағамбетова өз ойымен бөлісті.

Қазақстанның 5 облысында халықаралық деңгейдегі хирургия бөлімдері салынды
Фото: facebook.com / "Сәби" қоры

Атыраудағы хирургиялық бөлімше облыстық балалар ауруханасының негізінде салынып, қала мен облыстың 250 мыңнан астам балаларын медициналық қызметпен қамтиды.

Қазақстанның 5 облысында халықаралық деңгейдегі хирургия бөлімдері салынды
Фото: facebook.com / "Сәби" қоры

Аурухана ғимараты 1974 жылы пайдалануға берілсе, соңғы рет медициналық мекеме 2013 жылы жөндеуден өтті, бірақ та жұмыстар сонау 2000 жылы бекітілген стандарттар бойынша жүргізіліп, қазіргі кездегі пациенттер мен дәрігерлердің талаптарына толық сәйкес келмейтін.

Қазақстанның 5 облысында халықаралық деңгейдегі хирургия бөлімдері салынды
Фото: facebook.com / "Сәби" қоры

Толық жөндеу және заманауи құрал-жабдықтармен жабдықтау дәрігерлерге тасымалдау кезінде қымбат уақытты жоғалтпай, бірегей операцияларды орнында жүргізуге мүмкіндік береді, ал уақтылы медициналық көмек балалардың мүгедектігін айтарлықтай азайтатын болады.

Қазақстанның 5 облысында халықаралық деңгейдегі хирургия бөлімдері салынды
Фото: facebook.com / "Сәби" қоры

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2041934-qazaqstannyn-5-oblysynda-xalyqaralyq-dengeidegi-xirurgiya-bolimderi-salyndy/

pixel