jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ақырыс Сейтқазы
Ақырыс Сейтқазы
Бұрынғы қызметкер

Солтүстікте үсік жүреді: демалыс күндері ел аймақтарында ауа райы қандай болады

Үсік
Көрнекі фото: pixabay.com

"Қазгидромет" демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын ұсынып, күн райының салқындайтынын мәлімдеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Синоптиктер мәліметінше, сенбі, жексенбіде Қазақстанда күн айтарлықтай салқындай бастайды.

"Республиканың синоптикалық жағдайын Солтүстік Атлантика циклоны мен Скандинавиялық антициклон қалыптастырып, әртүрлі фазаларда жауын-шашын тудырады және күндізгі жылынуды шектейді.

Тек еліміздің оңтүстігінде жаңбыр жауып, таулы аймақтарда жаңбырдың соңы қарға ұласады.

Еліміздің солтүстігінде және орталығында түнде -0-5 үсік жүреді, күндіз ауа температурасы +2+12 градусқа дейін жоғарылайды. Ал дүйсенбіде термометр -3 – + 5 градус көрсетеді.

Республиканың батысында, оңтүстігінде және шығысында салыстырмалы түрде жылы күн райы сақталады», - делінген хабарламада.

Солтүстікте үсік жүреді: демалыс күндері ел аймақтарында ауа райы қандай болады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.