Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылордада аламан бәйгенің жүлдесіне 4 млн теңгенің сертификаты табысталды

Опубликовано:

Қызылордада өткен аламан бәйге
Фото: Қызылорда облысы әкімдігі

Бүгін Қызылордада Қала күні мен «Алтын дән-2023» мерекесіне орай аламан бәйге ұйымдастырылды. Жанкүйерлер ипподромға жиналып, бәйгенің көрігін қыздырған тұлпарлар шабысын қызықтады.

Осы жолы ұлттық ат спортының 4 түрінен 82 шабандоз бақ сынады. Еліміздің бірнеше аймағынан сәйгүлігін баптап келгендер қызылордалықтарға ерекше көңіл-күй сыйлады.

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев жерлестерін құттықтап, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

Қызылордада өткен аламан бәйге
Фото: Қызылорда облысы әкімдігі

«Соңғы жылдары ұлттық спорттың облысымызда бұқаралық сипат алғаны қуантады. Жалпы 16 мыңнан астам адам ат спортымен шұғылданады. Жыл сайын 8000-нан аса палуанның қатысуымен өтетін қазақ күресінен «Алтын белбеу» турнирі ең танымал шараға айналды. Облыс орталығында ұлттық және ат спорты түрлері бойынша спорт клубы қызмет көрсетеді. Орталықта жастарға барлық мүмкіндіктер жасалған», - деді аймақ басшысы.

5 шақырымды артқа тастаған тай жарыс пен 11 шақырымды құрайтын құнан бәйгеде шиелілік Абзал Тұрғанбек бірінші болып келді.

Қызылордада өткен аламан бәйге
Фото: Қызылорда облысы әкімдігі

Ал, 15 шақырымды оңай еңсерген топ бәйгеде Алматы облысынан келген тарлан Абзал Тұрмыс мәре сызығына ең алғаш болып жетіп, 2 миллион теңге иеленді.

Аламан бәйгенің жүлдесі жалағаштық батыр Жаңасыл Бекболатқа бұйырды. Шабандозға 4 миллион теңгенің сертификаты табысталды.

Тұрғындар
Фото: Қызылорда облысы әкімдігі

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2042014-qyzylordada-alaman-baigenin-zuldesine-4-mln-tengenin-sertifikaty-tabystaldy/

pixel