Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"ҚазАвтоЖол" ауа райының күрт өзгеруіне байланысты жүргізушілерге үндеу жасады

Опубликовано:

Қыста жолда келе жатқан көліктер
Көліктер. Көрнекі фото: pixabay.com

"ҚазАвтоЖол" Telegram арнасында ауа райының күрт өзгеріп, кей өңірлерде қар түсуіне байланысты көлік жүргізушілеріне үндеу жасады.

"Синоптиктердің ақпаратына сәйкес еліміздің басым бөлігінде күн райы құбылмалы болады. Осыған орай көлік жүргізушілерін ауа-райының өзгеруін мұқият қадағалап отыруға шақырамыз.

Қалыптасқан ауа райы жағдайын ескере отырып қашықтықты сақтап, жылдамдық режимін асырмау маңызды. Сырғанауды болдырмау үшін кенеттен маневр жасамаңыз. Жол белгілерін ескеріңіз", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар компания республикалық маңызы бар күре жолдарда қысқы күтіп-ұстау жұмыстары басталғанын мәлімдеді.

Күре жолдардағы ахуалды 1403 байланыс орталығы арқылы немесе https://t.me/qazavtojol сілтемесі арқылы білуге болады.

"Қазіргі уақытта республикалық күре жолдар ашық. Көлік қозғалысына енгізілген шектеу алынды", - деп хабарлады компания өкілдері.

Айта кетсек, кеше, 22 қазанда Солтүстік Қазақстан облысында алғашқы қар жауғаны туралы жазған едік. Жергілікті басылымдар мен тұрғындар әлеуметтік желіде Петропавл мен облыс ауылдарының қар басқан көшелері түсірілген видеоны бөлісуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2042101-qazaqstannyn-eki-oblysynda-qalyn-qar-zauganyna-bailanysty-kolik-zoldary-zabyldy/