Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Семей көшелерінде қыздарды маньяк аңдып жүргені рас па: полиция жауап берді

Опубликовано:

Тығылып тұрған ер адам
Тығылып тұрған ер адам. Көрнекі фото: pexels.com

Семей көшелерінде маньяк жүргені жайлы ақпарат тарауда. Абай облыстық полиция департаменті бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Агенттік мәліметінше, семейліктер арасында қаланың сол жағалауында қыздарды маньяктың аңдып жүргені, сол үшін көшеге шықпау қажеттігі туралы ақпарат тарауда.

Абай облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, бұл – ақпарат жалған.

"Ақпараттың шындыққа жанаспайтынын хабарлаймыз. Халыққа тек ресми дереккөздерден алынған мәліметке ғана сену керектігін ескертеміз", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ құзырлы орган Қылмыстық кодекстің 274-бабы 2-бөлігіне сәйкес, бұқаралық ақпарат құралдары мен телекоммуникация желілері арқылы көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін айыппұлдан үш жыл мерзімге дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын еске салды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2042195-semei-koselerinde-manyak-qyzdardy-andyp-zurgeni-ras-pa-policiya-zauap-berdi/

pixel