jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

"30-ға жуық жол-көлік оқиғасы болды": полиция көлік жүргізушілеріне үндеу жасады (видео)

Ақмола облысындағы тас жол
Оқиға орны. Видеодан кадр: t.me/POLICE_of_KZ

Ақмола облысында ауа райының күрт бұзылуынан өткен демалыс күндері 30-ға жуық жол-көлік оқиғасы болған. Осы орайда полиция жүргізушілерді көліктерін қысқы кезеңге дайындауға шақырады, деп хабарлайды Telegram-дағы ІІМ ресми жаңалықтары арнасы.

Ведомство мәліметінше, өткен демалыс күндері Ақмола облысының патрульдік полиция батальоны мен ротасының жасағы күшейтілген режимде жұмыс істеген.

Себебі температураның төмендеуі және жауын-шашын (жаңбы, қар) жолдардағы жағдайды едәуір қиындатқан.

Ауа райының бұзылуына байланысты Көкшетау-Атбасар, Көкшетау-Рузаевка, Петропавл-Астана автожолдарында шектеу қойылған.

"Алайда демалыс күндері өңірде 30-ға жуық жол-көлік оқиғасы болып, салдарынан көліктерге механикалық зақым келді.

Полиция автокөлік иелерін көлікті қысқы кезеңге дайындауға шақырады. Өзара сыйластық пен тәртіп жолдағы қауіпсіздіктің кепілі және апатты азайту мәселесіндегі шешуші факторлардың бірі", - дейді ІІМ өкілдері.

"30-ға жуық жол-көлік оқиғасы болды": полиция көлік жүргізушілеріне үндеу жасады (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.