jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

Атырауда мектептердің жөндеуі бітпей, оқушылар үш ауысыммен оқуға мәжбүр

Мектеп асханасы
Мектеп асханасы. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Атыраудағы кейбір мектептің оқушылары сабақты отыз минуттан оқуға мәжбүр. Себебі жөндеуге жабылған білім ошақтары дер кезінде пайдалануға берілмеген. Соның салдарынан үш ауысымды мектеп саны артып, ата-аналар тарапынан наразылық туған, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

"45 минуттан болмайды, 30 минуттан болады. Өйткені үш кезеңнен оқиды. Балаларға қиын, 30 минуттан бала ештеңе оқып үлгермейді. Мектепті жөндеп жатыр. Жасап болғанда да білмеймін енді, аяғына дейін бітпей қалады деген ойдамыз. Биыл бәрін үлгермейді", - деді Дәурен Боранғалиев.

Телеарнаның ақпаратынша, қаладағы №19 мектепте жөндеу маусым айында басталған. Оған бюджеттен 450 миллион теңге бөлінгенімен, бес айда жұмыстың жартысы ғана істелген. Жылу, жарық, кәріз әлі іске қосылмаған.

Соған қарамастан мердігер құрылыс жұмыстарын қараша айының соңында аяқтайтынын айтқан. Алайда алажаздай бітпеген жөндеудің бір айда аяқталатына ата-аналардың күмәнданады.

Ал білімге жауаптылар мектептің уақтылы ашылмауы мердігердің немқұрайлылығынан деп отыр. Егер уақытылы тапсырмаса, құрылыс компаниясын сотқа береміз дейді.

"Егер де осы мерзімде, уақытында мердігер нысанды тапсырмайтын болса, білім беру бөлімі және мектеп әкімшілігі сотқа жүгінетін болады. Әрі қарай сот осы жұмысты аяқтауды міндеттейді", - деді Атырау білім бөлімінің басшысы Айнагүл Дүйсекенова.

Дереккөз: КТК телеарнасы

Атырауда мектептердің жөндеуі бітпей, оқушылар үш ауысыммен оқуға мәжбүр

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.