Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БҚО-да 500 орындық жатақхана пайдалануға берілді

Опубликовано:

жатақхананың ашылуы
Фото: БҚО әкімдігі

Оралда ЖОО студенттеріне арналған жаңа жатақхана пайдалануға берілді. Ғимарат Республика күні қарсаңында салтанатты түрде ашылды. Жатақхана 500 орынға шақталған. Оған М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің студенттері орналасады.

М.Өтемісов атындағы жоғары оқу орнында 7 мыңға жуық студент оқып жатыр. Оларға арналған 3 жатақхана бар еді. Алайда орын тапшылығы шешілмей келген. Енді жаңа ғимарат қолданысқа берілген соң, қажеттілік 100% қамтылып отыр.

студенттер
Фото: БҚО әкімдігі

"Президент әр өңірде жатақханалар салуды жүктеді. Біздің өңірде 4 студенттер үйін салу және қайта жаңғырту жоспарланған еді. Тиісті жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатыр. Бүгін солардың біріне куә болып отырмыз. Елімізде жастардың білім алуына қолайлы жағдай жасалған. Жастар сол мүмкіндікті барынша пайдаланып, елдің дамуына қызмет етеді деп сенеміз!", - дейді облыс әкімі Нариман Төреғалиев.

Нариман Төреғалиев
Нариман Төреғалиев. Фото: БҚО әкімдігі

Жатақханада студенттер үшін тұрмысқа қажетті жабдықтардың бәрі бар. Осыған дейін пәтер жалдауға мәжбүр болған студенттер енді осындай қолайлы орынға жайғасып жатыр.

"Бөлме маған ұнады. Мұнда жарық, жылы, қолайлы. Асханамыз бар. Жатақхана ақысы да қымбат емес. Мұндай жатын орын берілгеніне қуаныштымын!", - дейді студент Ұлболсын Шекелбекова.

студент
Фото: БҚО әкімдігі

"Бұл жаңа жатақхана болғанымен ақысы өзгелермен бірдей. Айына шамамен 10 мың теңге. Жатын орын ең алдымен белсенді жастарға берілді", - дейді университет проректоры Гүлжаһан Қайсағалиева.

студенттер
Фото: БҚО әкімдігі

Облыста 4 университет пен 34 колледж бар. Студенттердің 70 пайызы – ауыл жастары. Жатақханалардағы орын тапшылығы мәселесі шешілуде. Соңғы 3 жыл ішінде облыс орталығында 4 жатақхана ашылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2042268-bqo-da-500-oryndyq-zataqxana-paidalanuga-berildi/

pixel