Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Боранбаевтың Алматыдағы мемлекетке қайтарылған мүлкі не болмақ: әкімшілік жауап берді

Опубликовано:

"Алмалы" сауда орны
"Алмалы" сауда орны. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Бұған дейін сотталған цкәсіпкер Қайрат Боранбаевтың Алматыдағы фитнес желісі, сауда орталығының ғимараты мемлекетке қайтарылған болатын. Боранбаевтың Алматыдағы мемлекетке қайтарылған ғимараттары туралы сауалға қала әкімшілігі жауап берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Алматы қаласының коммуналдық меншiгi қайтару шарттарына сәйкес коммуналдық мүлiк саласындағы уәкiлеттi орган – жалғыз иесi болып табылатын Алматы қаласының мемлекеттiк активтер басқармасы жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң 100% қатысу үлесiн қабылдады", - деп хабарлады әкімдік NUR.KZ сауалына берген жауабында.

Қала басшылығы қазіргі уақытта жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді тіркеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын атап өтті.

"Берілген активтерді функционалдық пайдалану туралы шешім жүргізіліп жатқан іс-шаралар аяқталғаннан кейін қабылданады", - деп толықтырды әкімдік.

Айта кетелік, бұған дейін Қайрат Боранбаев жалпы құны 1,4 млрд теңгеден асатын қонақ үй кешенін өз еркімен мемлекет меншігіне беруге келіскен еді.

Сондай-ақ Қайрат Боранбаевқа тиесілі компаниялар шетелден қайтарылған қаражат есебінен Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына 30 млрд теңгеден астам қаржы аударған болатын.

Кейін Қайрат Боранбаев меншігіндегі кен орнын, газ компаниясы мен зауытты мемлекетке қайтарғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2042396-boranbaevtyn-almatydagy-memleketke-qaitarylgan-mulki-ne-bolmaq-akimsilik-zauap-berdi/

pixel