jitsu gif branding logo appbranding logo app

Таразда ардагерлер арасында қолөнер байқауы өтті

"Қолөнер" байқауы
Фото: Тараз қаласының әкімдігі

Республика күніне орай Тараз қаласы әкімдігі мен қалалық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен ардагерлер арасында "Қолөнері" байқауы өтті.

Шараның ашылуында Тараз қаласы әкімінің орынбасары Дәуір Дәулетов сөз алып, жылы лебізін білдірді.

"1990 жылы 25 қазанда Қазақстанның егемендігі туралы декларация қабылданып, стратегиялық мақсат-міндеттеріміз айқындалды. Бұл еліміздің тәуелсіздігі жолындағы тұңғыш қадам болды. Сондықтан да бұл мерекенің тағылымы терең, мәні зор.

Дәуір Дәулетов
Фото: Тараз қаласының әкімдігі

Айшықты азаттығымыздың арқасында ұлттық құндылықтарымыздың кеңінен насихаттауға жол ашылды. Міне бүгін ұйымдастырылып отырған «Қолөнер» байқауы – осының жарқын мысалы.

Бұл байқаудың мақсаты ата әжелеріміздің ұмыт болып бара жатқан қол өнерін жастар арасында насихаттап, келер ұрпаққа мұра етіп, дүниежүзіне қазақтың қол өнерін паш ету", – деген Дәуір Рысбайұлы қатысушы ардагерлерге сәттілік тіледі.

"Қолөнер" байқауының қатысушылары
Фото: Тараз қаласының әкімдігі

Бейнелеу және сәндік қолтаңбалы өнер бойынша талантты ардагерлерді анықтап, олардың шығармашылығын қолдау және дамытуды мақсат тұтқан шара барысында қатысушылар тамаша қолөнер туындыларын көпшілік назарына ұсынды.

Байқаудың нәтижесі бойынша барлық қатысушыларға арнайы Алғыс хаттар мен ынталандыру сыйлықтары табысталды.

Бұйымдар "қолөнер" байқауы
Фото: Тараз қаласының әкімдігі

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.