jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Алматыдағы "Медеу-Шымбұлақ" жолында қозғалыс шектеледі

Құлаған тастар
Құлаған тастар. Фото: https://t.me/AlmatyJoly

Алматыда Медеуден Шымбұлаққа дейінгі жол құлаған тастардың салдарын жою жұмыстарына байланысты шектеледі, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Almaty Joly Telegram-дағы ресми арнасына сілтеме жасап.

Әкімдік мәліметіне сүйенсек, 25 қазанынан бастап "Медеу-Шымбұлақ" жолындағы тас құлауының салдарын жою жұмыстары басталады.

"Жұмыс жүргізу кезінде автокөліктердің қозғалысы мен жаяу жүргіншілердің қозғалысы шектеледі.

Жоба шеңберінде аумақтарды тас құлауынан және көшкіннен инженерлік қорғау, жартасты және жол беткейлерін нығайту, беткейлерден топырақ пен тастарды түсіру және жинақтаушы тосқауылдарды тазарту жұмыстары жоспарланған. Жоюға шамамен 11 бірлік техника мен 50 адам тартылатын болады", - делінген хабарламада.

Әкімдік мәліметінше, тау шаңғысы курорты мен кәсіпорындарының қызметкерлері үшін өткізу режимінің кестесі қалыптастырылатын болады.

"Қозғалыс туралы ақпарат әр ұйымның басшылығында қолжетімді болады. Жобаны іске асыру екі кезеңге есептелген. Негізгі жұмыстар келесі жылға жоспарланған", - деп хабарлады әкімдіктен.

Алматыдағы "Медеу-Шымбұлақ" жолында қозғалыс шектеледі

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.