Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бұрқасын, көктайғақ": синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде дауылдық ескерту жариялады

Опубликовано:

Қолшатыр ұстаған адамдар
Күз. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Синоптиктер 26 қазанда еліміздің бірқатар өңірінде дауылдық ескерту жариялады. Сондай-ақ ертең елімізде жел күшейіп, көктайғақ болады деп күтілуде, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМК ресми сайтына сілтеме жасап.

Метерорологтардың 26 қазанда түнде және таңертең Манғыстау облысының шығысында, орталығында тұман түседі.

Ертең Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде тұман түсуі ықтимал. Жел солтүстік-батыстан соғады. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде жел екпіні 15-20 м/с-ке дейін жетеді.

Бейсенбі Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с болады.

Синоптиктердің болжамынша, 26 қазанда күндіз Түркістан облысының тауларында қатты жаңбыр, тұман күтіледі. Өңірде оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады. Облыстың батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында жел жылдамдығы 15-20м/с болса, екпіні 23 м/с-ке дейін жетеді.

26 қазанда Қызылорда облысында оңтүстіктен соққан жел батысқа ауысады, облыстың орталығында жел екпіні 15-20 м/с.

Ертең Ақмола облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында көктайғақ пен бұрқасын болуы ықтимал. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың басым бөлігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында 15-20, облыстың шығысында екпіні 23 м/с болады.

26 қазанда Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с-ке дейін жетуі мүмкін.

Мамандар түнде және таңертең Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі деп болжажы. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с күтіледі. Қостанай қ.: 26 қазанда түнде және таңертең көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан соққан жел екпіні 15-20 м/с-ке дейін жетеді.

Ертең күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, жылбысқы қар) күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында күндіз жел екпіні 23 м/с болады.

Бейсенбі Абай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жел оңтүстік-батыстан соққан жел екпіні 23-28 м/с-ке дейін жетеді деп болжанған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2042499-burqasyn-koktaigaq-sinoptikter-elimizdin-birqatar-onirinde-dauyldyq-eskertu-zariyalady/

pixel